Каржы сауда лексикасы соңғы
54 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарашай тілінде бошуна , ұйғыршада бошқа , татар тілінде бушқа деген туынды тұлғалары ауыспалы «тегін» мағынасында айтылады: Қарашай-балқар т. бошуна «даровой» (РКБС 130). Ұйғыр т. бошқа «2. тегін, ақысыз» (YUTS 49). Татар т. бушқа «тегін; арзан» (ТатРС 130). Жай «тегін, ақы-пұсыз, бос, төлеусіз». Жай cөзін де «тегін, ақы-пұлсыз» мағынасында кездестіре аламыз. Қазақ әдеби тілі сөздігіндегі «Дүкен саған осы азық-түлікті жайға бере ме?» ‒ деді Бүркіт күлімсірей, азырақ ақшаның әлдеқашан бітетін уақыты болып еді ғой (І.Есенберлин, Қатерлі.). Жай берді «ақысыз-пұлсыз, тегін берді». Жай алды «ақысыз-пұлсыз, тегін алды»: Ол менен де күзде қайырармын деп жатып екі қойды жай алған (ауызекі) (ҚӘТС IV 562) мысалдары сөзімізге дәлел болады. Мұнда да басқа мысалдарда байқалғандай «құр» мағынасын дағы жай сөзі ауыспалы «тегін» дегенге ауысқан. «Құр, жай» мағынасының өзі «еркін, еркіндік» дегенді білдіретін жайлы, жайлылық тұлғаларымен байланысты болуы мүмкін, яғни жай сөзінің ең алғашқы мағынасы «жаю, созу, төсеу; кең», одан барып «еркін, бос», одан кейін «құр, жай», ең соңында «тегін» деген мағынасы пайда болған деп пайымдаймыз. Түркі тілдерінде жай сөзінің қазақ тіліндегідей «тегін» деген мағынаға ие болғаны байқалмайды. Бекер сөзі «тегін, ақысыз, ақшасыз» деген мағынасы Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде тіркелген: Ол Челекке шейін машинаға бекер мініп барыпты (Алм., Шел.) (ҚТАС 138). Қазақ әдеби тілде «құр, босқа, әншейін, текке» деген мағынаға ие болған бекер сөзі (ҚӘТС III 222) қырғыз тілінде біздегі тегін сөзі секілді актив жұмсалады. Сөздің түп төркіні – парсы тіліндегі «жұмыссыз, қолы бос, пайдасыз» мағынасындағы бикар راكيب сөзі. Би «бей (емес)» деген префикс болса кар «пайда», сонда сөзбе-сөз «пайдасыз» дегеннен шыққан.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==