Каржы сауда лексикасы соңғы
53 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Борышсыз «aқысыз, пұлсыз, тегін» (ҚТТС 138). Қазақ әдеби тілінде «қарыз, бересі, берешек; несие қарызы; міндет, парыз» (ҚӘТС III 494) деген мағынаға ие борыш сөзіне «-сыз» жұрнағы жалғанып, борышсыз туынды тұлғасынан «тегін» деген мағынасы үстелген. Қазіргі түркі тілдері материалдарынан борышсыз деген тұлға ның «тегін» мағынасында қолданылуын кездестірмедік. Борыш түбірінің қолданысы туралы «Қарыз мағынасындағы сөздер» тарауындағы борыш сөзіне қатысты талдауларда бердік. Боc «ақысыз, пұлсыз, тегін» (ҚТТС 138). Бос сөзінің «іші бос, ештеңе жоқ, еркін, ашық» деген негізгі мағынасынан ауыспалы «тегін» деген мәні пайда болған. Екінші жақтан «құр, бекер» мағынасындағы босқа сөзінің қысқарған фонетикалық варианты да болуы әбден мүмкін. Орыс тіліндегі свободно немесе ағылшындағы free сөзінен калька ма десек, мұндай қолданыс бұрыннан бар. Бұл «тегін» деген танымның әлем бойынша барлығының бірдей ойлауынан пайда болған түсінік деп түсінуге болады. Ұлы ақын Абай өлеңінде де бос сөзі «тегін» мағынасында жұмсалған: Бөстегім құтылдың, ба Көтібақтан? «Күйшіл» деп бабын білмей кінә тақкан Кұл табан, кескіл тұмсык, Бөстекбайым, Кісіге бос берермін бір мін тапқан (Абай 1961: 307). Будагов өз сөздігінде қазақша (қырғызша дегені қазақша) бос , татарша буш , алтайша бош сөздерінің «пустой» деген мағынасымен бірге «даром» деген мәнін де атап көрсеткен (Будагов I 281). Бос нұсқасының қазақ тіліндегідей «тегін» мағынасы тек кейбір қыпшақ тілдерінде көрінеді, әсіресе татар мен башқұрт тілдерінде буш/бушлай формалары белсенді сөздер қатарына кіреді. Қарақалпақ т. бос «(3. перен.) даром» (КкРС 114); татар т. буш «3) перен. бесплатный, даровой, безвозмездный; дешёвый» (ТатРС 129); башқұрт т. буш «хақ төлетілмеген, түлеуһіз (ақы төленбеген, төлеусіз)»: буш алыу «тегін алу»; буш килген мал «тегін келген мал»; буш эшлеу «тегін жұмыс істеу» (БТҺ I 178).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==