Каржы сауда лексикасы соңғы

52 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ болған. Әншейін сөзі ерте дәуірлерден бері түркі ескерткіштері мен тілдерінде қолданылады. Қазақ тіліндегі әншейін көне түркі тіліндегі «олай, солай, жай, онша, сонша» мағынасындағы анчулайу, анчайынча сөздерімен байланысты. Мұның түбірі көне «а» сөзі. Сонымен бірге тілімізде анша (анша-мұнша), андай, анда, онша, ондай формаларында сақталған. Әншейін деген тұлға түркі тілдерінде үстеу болып таралғанмен, «тегін» деген мағынаға ауысу тек қазақ тілінде байқалады. Көне және ортағасыр жазба мұраларында анча, анчулайу нұсқаларында кездеседі: Орхон жазба мұраларында анча «солай, осылай» (Tekin 2003: 237). Көне ұйғыр жазулы жәдігерлерінде анчулайу/анчула/анчып/ анчайынча «солай, осылай, осылайша, жай» (ДТС 44); анчақын «кішкене, битімдей» (EUTS 15). Қыпшақ ескерткіші Кодекс куманикуста анча «солай, сон­ шалықты; жай»; анчағына «аз ғана, сонша ғана» (Grönbech 1992: 8). Мәмлүк қыпшақ жазбасы Иршадүл мүлікте анчылайын «онын­ дай, сол секілді» (KıpTS 9). Әншейін деген тұлға түркі тілдерінде кең таралмаған, тек төмендегі тілдерде ғана сақталған, оның өзінде алғашқы мәнінде ғана айтылады («тегін» деген мағынаға ауысу тек қазақ тілінде байқалады): Қырғыз т. анчейин «жай, құр, әншейін» (КРС I 58). Ұйғыр т. анчийин «жай, құр, әншейін» (YUTS 13). Өзбек т. анчайин «жай, құр, әншейін» (УРС 20). Түрік т. ancılayın «осылайша, солай» (ТурРС 55). Түркі тілдерінің біразында әншейін тұлғасының анша (анча) деген түбір нұсқасы жұмсалады: Қарақалпақ т. анша «онша, сонша» (КкРС 43); қырғыз т. анча «онша, сонша» (КРС I 58); татар т. анча «сонша» (ТатРС 45); қарайым т. анча «сонша, мұнша, онша» (КРПС 70). Әзербайжан т. анчағ «әрең; тек; бірақ, алайда» (АзРС 18); гагауз т. анжа «сонша, соншалықты» (ГРМС 48); түрікмен т. анча (арх.) «соншалықты» (ТРС 45); түрік т. ancа «тек, әрең» (ТурРС 55). Тува т. ынча/анча «солай, осылай, анша» (Татаринцев I 2000: 116); алтай т. анча «сонша» (АРС 71); хакас т. анча «онша, сонша» (ХРС 27).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==