Каржы сауда лексикасы соңғы
51 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Хорезм дәуірі Ортаазиялық тәпсір кітабында тек «жай, тыныш, құр» (Боровков 1963: 296). Қыпшақ жазба мұраларында тек/тик «жай, құр, тыныш»: тек олтурмақ «жай, тыныш отыру»; тек турмақ «тыныш тұру, сөйлемей қалу, тынышталу»; тик йүрүмек «тыныш жүру» (KıpTS 268; 275). Тек сөзінің көне мағынасы қазақ тілінде де бар, әсіресе Мағжан тіліне тән ерекшелік: «Ет сезімі арқылы біз өз денеміздің қандай халде екені, яғни қозғалып тұр ма, тек тұр ма , қозғалғанда қалай қозғалып тұр, тек тұрғанда қалай тек тұр , міне, осыны білеміз (Жұмабаев, Педагогика). Тек сөзінің қазақ тіліндегідей «тегін» мағынасы тек хакас тілінде тик деген фонетикалық нұсқасында сақталды: Хакас т. тик «тегін» (ХРС 224). Өзге тілдердің барлығында (көбіне қыпшақ тобында) қазақ тіліндегі алғашқы мағынасындай, яғни «құр, бекер, жай» (ҚӘТС XIV 93) мәнінде айтылады: Қарақалпақ т. тек «жай, тыныш, еркін, беймарал, арқайын»: тек отыр «еркін отыра бер», тек жүр «өзіңді еркін ұста» (КкРС 633); қырғыз т. тек «тыныш, еркін, жай, құр, босқа»: Көп ооз сүйлөсө, бир ооз тек турат (мәтел) «Көп ауыз сөйлесе, бір ауыз тек тұрар»; Тек тургуча тегин иште (мақал) «Жай тұрғанша тегін істе» (КРС II 220); ноғай т. тек «құр, босқа, бекер»: тек ятув, тек йурув «құр жүру, түк істемей жай жүру»; тек турмас «құр тұрмас, тынымсыз» (НРС 343); татар т. тик «құр, жай, бекер, босқа»: Тик торганчы тиген эшләп тор (мақал) «Тек тұрғанша тегін істей тұр»; Тик тормаган тук торган «Құр жүрмеген тоқ жүрер»; Тик тормасаң, тук булырсың «Құр отырмасаң тоқ боласың»; Сүзең көмеш булса, тик торуың саф алтын «Сөзің (көп сөз) күміс болса, сөйлемей тек тұрғаның сап алтын» (ТатРС 893); башқұрт т. тик «құр, жай» (БТҺ II 353) Өзбек т. тек «құр, жай, еркін, тыныш, оңай» тек тур/тек бул «тыныш тұр, бұзық болма» (УРС 446). Әншейін «тегін, бос, ақысыз» (ҚТТС 89). Оның қаладан әкелген затын әншейін бергендей талап әкетеді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық) (ҚӘТС II 460). Әншейін сөзінің қазақ тіліндегі және жалпы түркі тіліндегі «жайдан-жай, құр бекер» мағынасынан «тегін» мағынасы пайда
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==