Каржы сауда лексикасы соңғы
50 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Көне және ортағасыр жазба мұраларында негізінен «босқа» деген алғашқы мағынасында кездеседі: Құтты білікте текин «босқа, құр» (KB 3960) (Arat 1979: 434). Көне ұйғыр жазулы мұраларында «құр» мағынасындағы сөзбен қос сөз түрінде қолданылған: текин-қуруғын «құр, босқа, бекер» (ДТС 550). Древнетюркский словарьда текүн деген тұлға «тегін, ақысыз» (ДТС 550) деп түсіндірілсе де, оған сұрақ белгісі қойылған, яғни мұның сол дәуірде «тегін» деген мағынасында қолданылғанын бір ғалымайтқан, бірақ көпшілік зерттеушілер тарапынанмақұлданбаған тартысты сөз болса керек Айтпақшы, қазақ тіліндегі «ақысыз» деген мағынадағы қай сөзді алсақ олардың барлығы тегін сөзі сияқты «жай, текке, бекер, құр, текке, әншейін» деген сөздерден жасалған. Мысалы: Қазақ тілінде тек деген түбір күйіндегі форма да қолданылған, қазіргі күні «тегін» деген туынды тұлғаның қасында пассив сөзге айналған: тек «тегін, ақысыз, ештеңе бермей» (ҚТТС 795). Абай өлеңінде тек сөзі «тегін» мағынасында қолданылған: Бай алады кезінде көп берем деп / Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп. Би мен болыс алады күшін сатып / Мен қазақтан кегіңді әперем деп (Абай 1961: 75). Қамбар батыр эпосында да сол мағынада жұмсалған: Сонда Алшыораз сөйледі, Сөйлегенде не деді: Мінгенде атың көк, деді, Айтуға аузым епті еді. Назым сүйсе Қамбарды, Шақырып алып берелік, Мал алмастан тек , деді (БС 43 2007: 61). Тек сөзінің алғашқы мағынасы тегін атауы секілді басында «жай, құр, босқа» болып, одан ауыспалы «тегін» мағынасы пайда болған, өйткені көне және ортағасыр жазба мұралары деректеріне жүгінгенімізде, оның алғашқы мағынасын ғана байқадық. Көне және ортағасыр жазба мұралары деректеріне жүгінсек, оның алғашқы мағынасы ғана көрінеді, мәселен: Диуани лұғатит түркте тек «құр, жай»: тек тур «жай тұр»; тек келдим «құр келе салдым» (ДТС 550).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==