Каржы сауда лексикасы соңғы

49 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ екі мағыналас сөздерден құралған қос сөз бар. Сонда тегін сөзі ең бірінші «құр, босқа, жай» деген мағынасында жұмсалып, кейінірек барып қазіргі мағынаға ие болған деп пайымдаймыз. Тіпті тілімізде әлі де сол мағынасында айтылады, мысалы, «бұны тегін айтпаған» деген сияқты қолданыстарда бұрынғы семантикасы аңғарылады. Бұған мағына жағынан жақын тегіннен-тегін , су тегін , теп-тегін деген қолданыстар бар. Сонымен тегін сөзін орыс тілінде тура аударсақ «просто так» деген мағына шығады екен. Тегін сөзі қырғыз бен құмық тілдерінде тэгин және татар мен башқұртшада тиген формаларын­ да қолданылады. Құмық тілінде тіпті Тегин қуйруқ йолда йатмас мақалы біздегі Батпан құйрықжолдажатпайды дегенмен үндеседі. Ең бірінші немесе көне «құр, босқа, жай» деген мағынасынан барып, кейінірек қазіргі күнгі мағынаға ауысқан, өйткені көне түркі тілінде оның алғашқы мағынасында ғана қолданылғанын байқаймыз. Қазіргі түркі тілдерінің біразында сақталған, негізінен қыпшақ, қарлұқ тілдерінде кең таралған: Қырғыз т. тегин «тегін, ақысыз; құр, босқа»: Эксең эгин, ичерсиң тегин «Ексең егін, ішерсің тегін» (КРС II 219); қарақалпақ т. тегин «тегін»: Ексең егин ишерсең тегин (КкРС 632); ноғай т. тегин «тегін, ақысыз» (НРС 342); татар т. диал. тиген «тегін»: Тиген килгән атның тешенә каралмас (мақал) «Тегін келген аттың тісіне қараудың қажеті жоқ» (ТатРС 891); башқұрт т. тиген «тегін, ақысыз; құр, босқа, жай»: Икһән иген, эсерһең тиген «Ексең егін ішерсің тегін» (БТҺ II 352); құмық т. тегин «тегін; құр, босқа»: Тегин қуйруқ йолда йатмас «Тегін құйрық жолда жатпас» (КумРС 294); қырым татар тілінде тегин «жай, ақырын, тыныш; жуас» (КТРС 536). Ұйғыр т. тәкин «тегін»: тәкиндин-тәкин «тегіннен-тегін, су тегін» (YUTS 408); өзбек т. текин «тегін» (УРС 446); сув текин «су тегін»; Тек тургунча текин ишла (мақал) «Тек тұрғанша тегін болсын жұмыс істе» (УТИЛ II 155). Түрік тілінің диалектілерінде tekine «құр, босқа» (DS X 3865). Сібірдегі түркі тілдерінде сол сөз бірақ алғашқы немесе мағыналарында жұмсалады: Хакас т. тигін «қарапайым, тегін кісі, қатардағы, жай»; тик «тегін» (ХРС 224); алтай т. тегин «қарапайым; жай, құр; босқа» (АлтРС 663);

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==