Каржы сауда лексикасы соңғы

48 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ТЕГІН» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР «Тегін» қаржы-экономикалық терминінің қанша синонимі бар және олардың түп-төркінін талдап көрейік. Тегін дегенді жақсы көрмейтін адам жоқ шығар? Бірақ әр тегінде бір гәп бар екенін «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деген халық мақалынан ұғамыз. «Құрғақ қасық ауыз жыртар» немесе «Құр алғыс азық болмас» деп те тегін ештеңенің болмайтынын, құр алғыспен құтылып кетудің де жөні болмайты­ нын ескертеді. Мұнымен сарындас «Бесплатный сыр только в мышеловке» «Спасибо в карман не положишь» «За спасибо шубу не сошьют» деген орыстың тәмсілін жиі естіп жатамыз. Бірақ көбіне осы сөздерге қарама-қарсы «Алтын алма алғыс ал», «Жақсылық еккен алғыс орады» дегендей алғыс алу игі амал екенін ескертеді. Бізде деп жеке қаржылық пайдадан гөрі ең алдымен «Батамен ел көгерер» дегендей ең алдымен елден алғыс алуға ұмтылған жөн деп санаймыз. Осы тақырыбымызға сәйкес қазақ тілінде «тегін» деген мағынада көнеден келе жатқан бірнеше сөзіміздің түбірін бірге талдап көрейік. Тегін «ақысыз-пұлсыз, төлеусіз, ақысыз» (ҚТТС 795). Су тегін «қымбат емес, өте арзан». Тегіннен-тегін «жайдан-жай, тектен-тек, бостан-бос; су тегін» (ҚӘТС XIV 86). Тегінқор (Қарақ.) «жатып ішер, арамтамақ» (ҚТАС 660). Қазақ тілінде бұл мағынада ең белсенді жұмсалатын тегін түбі түркі сөзі екені шүбәсіз. Мұндай форма «жай, құр, босқа» мағынасындағы тек түбіріне көне септік (көбіне көмектес септік) мағынасын үстейтін өнімсіз (өлі) жұрнақ «-ін» жалғануы (көне түркі ескерткіштерінде қолданылған «ін/ын» қосымшасы қазақ тілінде «жасырын, астыртын, қырын қарау, жазын, қысын, ұрын (ұрын бару)» деген сияқты туынды формаларда сақталған) арқылы жасалған. Сонда формуласы осындай болса керек: тек+ін «жайымен, жай ғана, текке». Cөзіміз дәлелді болуы үшін көне түркі мұраларындағы «құр, босқа» мағынасындағы қуруғын тұлғасының «-ын» жалғауы­ мен жасалғанын айтып кетсек болады. Тіптен көне ұйғыр жазулы жәдігерлерде текин-қуруғын «құр, босқа, бекер» (ДТС 550) деген

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==