Каржы сауда лексикасы соңғы
47 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қымбат әшекейлері» мағыналары келтіріліп, қосымша, қосу мағыналары бірінші, негізгі деп көрсетілген (ЭСТЯ VII 239). Көне түркі тіліне сеп - етістігі «әшекейлеу, түзету, қосу» мағыналарында жұмсалған (Maлoв 1951: 421). Қарахан дәуірінің құнды жәдігері Диуани лұғатит түркте сеп «келіннің жасауы» (DLT 160/139); септүр - «қыздың жасауын алып, күйеуге шығуына рұқсат беру» (DLT 358/285). Қазіргі түркі тілдерінде кең таралған сөздердің бірі әрі түрлі мағыналарға ие болып жұмсалады: Ноғай тілінде сеп «көмек, жәрдем, демеу; пайда»: Доңыздың бир қыл тартсаң да сеп (мақал) «Доңыздан бір қыл тартсаң да сеп (пайда)» (НРС 295). Қырғыз т. сеп «жасау, келіннің киім, әшекей, мүлкі» (KS 646); сеп (ауыс.) «пайда»: Бақа сийсе көлгө сеп (Юдахин 1965: 644). Құмық т. сеп (арх.) «жасау» (KumTS 292). Қарақалпақ т. сеп-жип «ине-жіп, жіп және басқа құралдары» (КкРС 574). Татар т. сип «той үшін көмек»; сипле- «жөндеу, ретке келтіру, жаңарту» (Aхметянов 2001: 177). Башқұрт т. һип «қосу, үстіне қосу, қосымша, үстеме»; һипле - «жөндеу, түзету, жаңарту» (BTS 208). Ұйғыр т. сеп «жасау» (YUTS 346); өзбек т. сеп «сол мағ.» (УРС 362). Түрік тілінің диалектілерінде sepi «жасау»; sepin - «жасауын дайындау» (DS X 3584); түрікмен т. сeп «жасау»; сепли қыз «жасаулы қыз» (TTS 570). сеп eм- «демеу болу, қолдау»; сепин - «киім кешекке ие болу» (ЭСТЯ VII 239). Алтай т. сеп «жасау, келіннің мал, дүниесі»; септү қыз «мал мүлікті қыз» (ОРС 127); телеуіт диал. сеп «қосу, қосымша, үстеме; жасау»; қыстың себи «қыс жабдықтары» (Радлов IV 493); хакас т. сип «байлық, мүлік, дүние, әл ауқат» (HTS 449); шұлым диал. сеп «қалта» (Радлов IV 493); тува т. септе - «жөндеу» (ТувРС 373). Якут т. eп - «қосу, қату» (Räsänen 1969: 410). Чуваш т. сип «пайда»; сapлa-/сиплe- «жөндеу, түзеу, жаман, түзету, қосу» (Федотов II 1996: 14, 51). Қалмақ т. сев «приданое; мелкие вещи невесты из родительского дома» (ЭСМЯ III 95).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==