Каржы сауда лексикасы соңғы
46 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Енді қор сөзінің орыс тіліндегі аудармасы фонд деген атау «ашытқы» деген мағынадан келмесе де соған ұқсас «түп, негіз» деген мағынадағы латыншадағы fundus дегеннен келген. Осылайша фонд пен фундамент екеуі бір түбірден келіп тұр. Сайып келгенде, қор сөзі «негіз» ұғымымен байланысты, орысша фонд болса фундаментпен байланысты, екеуі осылай тоғысады. Қор айран мен қымыздың негізі болып, кейін барып байлықтың, қазынаның негізіне, яғни қаржылық қорға ауысты. Сеп «жиналған мал-мүлік, келіннің мүлкі, дүниесі; жәрдем, көмек; пайда; септік, қолдау, демеу». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сеп сөзі тек «күш, жәрдем, көмек» (ҚТТС 726) деп көрсетілген. Ал Аймақтық сөздікте «жасау, дүние» мағынасы берілген: Сеп (Шымк.: Арыс, Мақт., Кел., Сарыағ.; Өзб., Ташк.) «қыздың жасауы, дүниесі»: Келінді келгенде көр, септі жайғанда көр (Мақал) (ҚТАС 598). Бұл мақалдың келесі нұсқасында сеп сөзінің орнына келіншек сөзі қолданылған: Келінді келгенде көрерміз, келіншекті жайғанда көрерміз (БС 69: 212). Қазақ әдеби тілі сөздігінде сепке этнографиялық ұғым деген белгі қойылып, «жасау» деп анықталған: Өзім барып патша деп, Қызыққан жоқпын себіне . Сәтемірдің уәзірі, Тапсыр мұны өзіне (ҚӘTС XIII 162). Радловтың сөздігінде қазақ тілінде қолданылатын сеп сөзі үшін «пайда, көмек, қосымша; жасау киімі» мағыналары жазылған: Сеп киргизский (қазақ тілі) «прибавка, приращение, прикраса, приданый наряр»: Бақа сисе көлге сеп, жақсы қатын малға сеп (Радлов IV 493). Е.Жанпейісов сеп сөзінің түркі тілдерінде «жасау» мағынасын да қолданылып, қазақ тілінде «жәрдем, көмек, қолдау» деген мәнге ие болғанын алға тартады. Сеп сөзінен өрбіген септік, септелік, септеу қолданыстары бар екенін де атап көрсетеді (Жанпейісов 1989: 71-72). Этимологический словарь тюркских языковта сеп сөзінің «қосымша, қосу, үстіне қосылған; пайда; жасау, келіннің дүниесі,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==