Каржы сауда лексикасы соңғы

45 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ақша, мал, мүлік қоры» (КРС 405); Түрікмен т. ғор «ұйытқы; ауысп : ақша қоры» (ТРС 188). Өзбек және қарақалпақ тілдері сөздіктерінде тек ауыспалы семантикасы тіркелген: қарақалпақ т. қор «қор, ақша қоры»; өзбек т. қур «жиналған дүние, мүлік, ақша, қор; байлық»; қур-қот «құт- береке» (УТИЛ 639). Соған қарағанда бұл тілдерде алғашқы мағы­ насы ұмытылғанға ұқсайды. Дегенмен өзбек тілінің диалектілерінде қор «сүт ұйытқысы (УХШЛ 164) болып сақталған. Батыс қыпшақ тілдерінде және түрік диалектілері мен хакасша­ да тек көне мағынасында ғана қолданылады, қазақшадағыдай ауыспалы әрі актив мағынаға ие болған жоқ. Мәселен, татар тілінің диалектілерінде тек алғашқы мағынасында айтылады: қур «ашытқы; нан ашытқысы» (ТТДС 427); башқұрт т. қур «қымыз ашытқысы»; башқұрт т. диал. қур «нан, қамыр ашытқысы» (БТҺ I 704); қарашай- балқар т. қорлиқ «ашытқы, ұйытқы» (РКБС 176); түрік т. диал. korluk «ашытқы» (DS VIII 2922); хакас т. хордың «ашытқы» (ХРС 288). Бір қызығы, мұндай құбылыс (ашытқының байлық дегенді білдіруі) тек қазақ, түркі тілдерінде ғана емес, моңғол, парсы, тіпті Европа тілдерінде байқалады. Мәселен, моңғол тілдерінде көрүнге формасында және түркі тілдеріндегідей негізгі әрі ауыспалы мағы­ наларында жұмсалады: моңғол жазба тілінде көрүнгге ; халка т. хɵрɵнгɵ ; бурят т. хүрэнгэ ; қалмақ т. кɵрӊ «ашытқы; ұйытқы; фермент; бидай тұқымы; ашымақ, сыра; мүлік, әл-ауқат, қор, капитал» (ЭСМЯ 143). Бұл сөз якут тіліне бір мағынада ғана: кɵйɵргɵ «қою қымыз ұйытқысы» (ЯРС 176). Моңғол тіліндегі екі мағынасы тіпті қырғыз тіліне де ауысқаны назар аудартады: кɵрɵӊгɵ «қымыз ашытқысы; ауыс .: наны бар, жағдайы бар, ауқатты»: көрөңгөсү бар/көрөңгөлүү «ауқатты»; көрөңгөсү жоқ «кедей, жағдайы жоқ» (КРС 429). Сонда бұл тілде қымыз ашытқысы байлықтың эквиваленті ретінде айтылған, мысалы жоғарыдағы көрөңгөлүү «бай адам (сөзбе сөз ашытқысы, негізі бар)». Тура солай біздегі қор сөзі де байлық мағынасынa ие болып тұр. Қорбай, Қордыбай , Қордабай деген есімдер – соның айғағы. Түркі тілдеріндегі қор сөзінің ауыспалы мағынасына ие болған­ дай парсы тіліндегі «мая, ашытқы» дегенді білдіретін майә сөзі де «капитал» (ПҚТС 247) мағынасына ие болған. Тіпті ол мағынасы түрік тіліне де өткен, ол тілде sermaye (сөзбе сөз: негізгі ақша) «қор, капитал» (ТурРС 764) деген мағынада жиі жұмсалады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==