Каржы сауда лексикасы соңғы

41 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түркі тілдерінде бұған қатысты деректер кезіктірмедік, мағы­ насын әлі де анықтау қажет. Дегенмен түрік тілінде «шыныаяқ, шұңғыл кесе; леген» деген мағынада тас сөзі бар, оның парсы, арабтан келгені айтылады. Әзірбайжан мен өзбек тілінде тас , түрікменше таз , ұйғыр тілінде дас болып қолданылса, орыс тіліне таз (тазик) болып кірген. Тасқындық (Орал, Казт.) «байлық» (ҚТАС 652). Асып-тасу, шегінен асқан мағынасындағы мағынасындағы тасу, тасқындану етістігінің «кемеліне жеткен, асып төккен байлық, асқан байлық» деген мағынасына ауысып пайда болған сөзге ұқсайды. Ұйық «құт, береке, байлық». Қазақ тілінде бұл сөз жерұйық «жұмақ жер, бейіш, жайлы қоныс, құтты мекен» (ҚТТС 299) тіркесінде сақталған. Көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінде ыдуқ түрінде жазылған: Орхон ескерткіштерінде ыдуқ «құтты, қасиетті» (KT.K1...); ыдуқ йер-суб «жерұйық, киелі мекен» (BK.D.35). Көне ұйғыр жазба мұраларында ыдуқ «киелі, құтты, берекелі» (Maitri.5-39); ыдуқлық «құт, береке» (IB.41); ыдық-құт «шен-дәреже; тақ мұрагері, ханзада (EUTS 2011: 85). Диуани лұғат ат-түрк-те ыдуқ «қасиетті, киелі деп саналған әр нәрсе» (DLT 45/31); Құтты білік-те ыдуқ «құтты, киелі, қасиетті» (KB.343...). Хорезм дәуірі жазба ескерткіштерінен Қиссасүл әнбия-да ыдық «дәлел; белгі» (KE.24r10); Мұқадиметүл едеб-те ыуық «киік (киелі жануар)» (ME.172-1). Қазіргі түркі тілдерінде көбіне сібір түркілерінде сақталып айтылады: Қырғыз т. ыйық «киелі, қасиетті, құтты» (KS 362); қарашай- балқар т. ыйық «жексенбі, демалыс күні; апта» (КБРС 758). Сары ұйғыр т. йұзық «тәңірге бағышталатын құрбандық (қой)» (Малов 1957: 43); алтай т. ыйық «тау-тас, өзен-көл, орман-тоғай иесі, тәңір; табынатын құт» (ATS 88); телеуіт т. ыйық «құрбандық мал» (TelAS 40); хакас т. ызых «тау-тас иесі; табынатын пұт; қасиетті, киелі» (HTS 206); тува т. ыдық «құтты, киелі» (ТувРС 563).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==