Каржы сауда лексикасы соңғы

42 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Якут т. ытық «құрбан, құрбандық малы; құрметті, лайықты; қасиетті» (ЯРС 532); чуваш т. йырых «өш алғыш аруақ, пері, жын» (Федотов 1996: 199). Моңғол т. идам «желеп-жебеп жүруші тәңір, періште» (MTS 636); тунгуз т. етик «құрбандық малы» (ЭСТЯ I 650). Мажар т. уур «мырза, құрметке ие кісі» (Ceylan 1997: 69). Ырыс «мол байлық, береке; бақ, талай, несібе». Төмендегі туынды тұлғалар мен тіркестерде жоғарыдағы мағыналары аңғарылады: Ырысты «дәулеті, байлығы мол, несібелі». Ырыс-берекет «берекелі байлық, молшылық». Ырыс-дәулет «мол байлық, молшылық» (ҚТТС 947). Ырыс дарыды/бітті/қонды «байлық, бақ, несібе қонды». Ырысы бар/ырысы бес елі/ырысы қалың «несібесі мол». Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық (мақал) (ҚӘТС XV 679). Қазақта Ырыскүл, Ырысбала, Ырысбай/бек есімдері қойылады. Ырыс сөзінің төркіні араб тілінен екенін ғалым Н.Оңдасынов жазады: Ирсун ‒ ырыс «мұра, мирас, мұралық; (ауыс.) бақыт, сыбаға, несібе, байлық»: Жақсы туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы (мақал) (Оңдасынов 2010: 18). Араб тілінен енгенбұл сөз қыпшақ тілдерінде кең таралған, әсіресе шығыс қыпшақ тілдерінде жиі жұмсалады (батыс қыпшақшада құмық, қарашай, балқар, қарайым, қырым татар тілдерінде кездесе бермейді): Қарақалпақ т. ырыс «ырыс, бақ, береке, несібе, байлық»: Кәруан бир, ырысы басқа «Керуен бір, бірақ ырысы бір бөлек». Ғаррысы бардың ырысы бар (мақалдар) «Ақсақалы бардың ырысы бар» (КкРС 759); қырғыз т. ырыс «бақ, несібе»: Карысы (кәрісі) бардын ырысы бар; Баласы жоктун ырысы жок; Жаксы ниет жарым ырыс; Эрте турган жигиттин ырысы артык (КРС II 439); ноғай т. ырыс «бақ, береке» (НРС 428). Татар т. рыскал «бақ, несібе»: Ялкау тик ята, аның рыскалы арта «Жалқау тік жатар, оның ырысы артпас» (ТатРС 754); татар т. диал. ырысқал «бақ, бақыт» (ТатРС 1124); башқұрт т. ырыс «бақ, береке,

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==