Каржы сауда лексикасы соңғы
39 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Мырқам (Алм., Жам.) «байлық, дәулет»: Біздің ел мырқамға жетіп, тасы көктеп, тауы гүлдеді (Алм., Жам.) (ҚТАС 515). Ә.Нұрмағамбетов осы тұлғалас сөздердің ежелден қазақ тіліне меншікті болмай, басқа тілден ауысып келгенін жазады: «Сөздің арғы тегі араб тілі. Онда дәл осымен сәйкес «марехи» тұлғалы сөз біздегі «бәлі, жарайсың» деген сияқты одағай орнына айтылады. Бірақ бұл сол тілдің өзінде туынды тұлға мен ауыспалы мағына. Шын мәнісінде, сөздің алғашқы түбірі «марах», ал мағы насы «қуаныш, шаттық, көңіл тасу». Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген «мереке» сөзінің өзі де арабтың осы сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі болмақ» (Нұрмағамбетов 1994: 212). Ә.Нұрмағамбетовтің тұжырымдарына әлі де дәлелдер қажет етіледі. Ғалым келтірген араб сөздері мағына және тұлға жағынан үйлеспейтін секілді. Түркі тілдерінде де мырғай деген қолданыс кездеспейді. Әзірге қолда бар деректер негізінде «отты, шөпті, шүйгін жер» дегеннен «байлық» деген ауыспалы мағынаға ауысқан болып көренеді. Сыпыра (Шымк.: Арыс, Сайр., Сарыағ.; Алм.: Кег., Жам.) «мал- мүлік, дүние, байлық, қазына»: Бұл біреудің маңлай тері, табан етімен жинаған сыпырасы ғой (Сайр.). Осы сыпырадан таңдап ал, осы сыпыраның бірі жақпай ма? (Сарыағ.). Осы сыпырадан бір жақсылық көрмедім (Алм., Кег.) (ҚТАС 629). Қазақ әдеби тілінде бұл сөз төмендегі тұрақты тіркес құрамында да айтылады: Сыпыраның ішінде отырды «Мол дәулеттің ішінде отырды»: Жайсаң жер, мыңғырған мал ортасында, сыпыра ішінде отырмыз ғой (ФС 481). Қазақ говорлары мен тұрақты тіркесінде ғана айтылатын сыпыра «байлық» сөзінің түбі араб тіліндегі «жол асы, азық; дастархан» мағынасындағы суфра سفرة сөзі деп ойлаймыз. «Дастархан» деген мағынадан береке, одан кейін дүние, байлық деген мәнге ауысқан. Осындай құбылыс өзге түркі тілдерінде байқалмайды, оны төменде келтіреміз. Cыпыра (Сыпыра батыр) деген есімдегі де сыпыра байлық мағынасында осы сөз болуы мүмкін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==