Каржы сауда лексикасы соңғы

38 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарақалпақ т. молшылық «байлық, молдық, жеткіліктілік» (КкРС 463). Өзбек т. мулчилик «молшылық, байлық» (УРС 284). Ұйғыр т. молчилиқ «байлық» (YUTS 274). Мырғай «кеніш, молшылық, байлық»: Қыраңға шығып алып, оттап жүрді, Бетегелі мырғайға әбден кірді. Тегінде бөдененің айтқаны рас, Тарлауға жайылған соң шын семірді (Шәкәрім). Мырғайдай «мырғай сияқты, мырғай тәрізді»: Дұшпанға қату ер едің, Тауға біткен ырғайдай, Досыңа жақсы бек едің, Алтын күміс мырғайдай (Шөже ақын) (ҚӘТС XI 415). Қазақ әдеби тілінде кең таралмаған сөз, тек ақындар тілінде ұшырасады. Мырғай сөзінің қазақ говорларында сақталғаны айтылады: Мырғай (ҚХР) «кеніш, байлық» (ҚТАС 515). Бұл сөздің говорларда мырғам және мырқам деген тұлғалары қолданылады. Мырғам формасы мырғамға бату деп айтылады: Мырғамға бату (жерг.) «қарық болды, кенелді»: «Жарыпшыққанға да қызыл балықтар ұрық салар болса, қандай мырғамға батар едім деген арманнан сау емес» (Ғ. Сланов, Дөң асқан). Бір қазақ, қалайы қорапты ашып ет, нан, жуа, тағы басқа тағамдарды жеп, котелоктан су ішіп, мырғамға батып отыр (Т.Жармағамбетов, Сентябрь) (ҚӘТС XI 415). Қазақ әдеби тілі сөздігінде мырғам нұсқасының «отты, шөбі шүйгін жер» деп анықталғаны белгілі (ҚӘТС XI 415). Мысалдардың өзінің Аймақтық сөздіктен алынғанына қарап, оның говорда сақталғанын көрсетеді. Аймақтық сөздікте ол сөз былай берілген: Мырғам (Қ.орда: Қарм., Сыр., Шиелі) «отты, шөбі шүйгін жер»: Мынау бір мырғам жер екен (Қ.орда, Арал). Бұрынғы көлдің табаны мырғам болады, бұл жерде мал да жақсы семіреді (Қ.орда, Қарм.). (ҚТАС 515). Алматы облысында айтылады деп тіркелген мырқам фонетика­ лық варианты болса «байлық, дәулет» мағынасына ауысқан:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==