Каржы сауда лексикасы соңғы

37 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түркі тілдерінде көбіне боллуқ және моллуқ деген тұлғаларында кең таралған ( молчулуқ деген нұсқасы таралмаған). Боллуқ деген форма ең алғаш орта ғасыр жазба ескерткіштерінде кездеседі: Мәмлүк қыпшақ жазба мұраларында боллуқ «молшылық» (KıpTS 34). Қазіргі түркі тілдерінен оғыз бен сол тілдердің әсеріне ұшыра­ ған кей қыпшақ тілдерінде боллуқ деген «б» нұсқалы вариантында айтылады: Түрікмен т. боллуқ «молшылық, ағыл-тегіл, көптік» (ТРС 110); түрікше bolluk «молшылық, жеткіліктілік, байлық, ауқаттылық» (ТурРС 125); әзербайжан т. боллуғ «молшылық» (АзРС 55); гагауз т. боллук «байлық» (ГРМС 90). Қырым татар т. (бұл тіл түрік тілінің әсеріне ұшыраған, сол себепті түрік тіліндегідей нұсқасында айтылады) боллуқ «молшылық» (КТРС 354); қарайым т. (мұнда да сондай құбылыс бар) боллық «байлық» (КРПС 129). Қыпшақ тілдерінде моллуқ деп айтылады (бірақ қазақ тіліндегі молшылық формасы кездесе бермейді): Құмық т. моллуқ «молшылық, байлық, ауқаттылық» (КумРС 212); қырғыз т. молдук «молшылық» (КРС II 32); ноғай т. моллық «байлық, молшылық»: Қайда бирлик сонда моллық (мақал) (НРС 225); қарақалпақ т. моллық «молшылық, көптік, жеткіліктілік» (КкРС 463); татар т. муллық «байлық, молшылық»: муллыкта яшәү «ауқатты өмір сүру» (ТатРС 623); башқұрт т. муллық «сол мағ.»: муллықта йәшәу «шалқып тасып өмір сүру» (БТҺ 837). Қарлұқ тілдерінде екі нұсқасы қатар айтылады (молшылық деген нұсқасы белсендірек жұмсалады): Өзбек т. муллиқ «молдық, молшылық, байлық» (УРС 284); ұйғыр т. моллуқ «молшылық» (YUTS 274). Молшылық «байлық, көптік, молдық» (ҚТТС 598). Молшылық деген форма қазақ тілінде молдық деген тұлғаға қарағанда жиі жұмсалады. Алайда қазақ тіліне ең жақын саналатын ноғай, қырғыз тілдерінде мұндай нұсқа ұшыраспайды. Молшылық деп айтылуы қазақ пен қарақалпақ тілдеріне тән. Сонымен бірге, қарлұқ тілдерінде белсенді қолданылады:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==