Каржы сауда лексикасы соңғы

36 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «рахаттық, ыңғайлық; тазалық, ұқыптылық; әдемілік; (арх.) бақыт; сәттілік; табыс, олжа» (ЧувРС 544). Меймана «дәулет, байлық». Меймана сөзінің «байлық» семасы айтылмайтыны белгілі. Қазақ тілі мен говорларында тек мейманасы асты немесе мейманасы тасыды, мейманасы толды секілді тұрақты тіркесінде айтылады: Қатын бесеу болғанда, Мейманасы толғанда, Байдың көнбей еркіне Қатын қашар төркінге (Қарақ.). Төңкеріс жылдары мейманасы тасып жүрген небір дәулер өмірем қаппады ма (Қарақ.). Тұс қыла көр, құдайым, Біздей мейманасы тасқанға (Махамбет). Сол мінезін білгендер аса бір мейманасы тасып кетпесе, бетінен қақпайды (Ғ. Мұст.) (ҚТАС 490). Қазақ әдеби тілі сөздігінде меймана сөзі туралы анықтама жоқ (анықтама тек Аймақтық сөздікте берілген), тек мейманасы тасыды, мейманасы асты тіркестері мысал болып келтірілген: Меймана: мейманасы асты (тасыды) «көңілі өсіп, масаттанды, асып-тасыды»: Ұлғайып қартаяды жастан адам, Әуелі қартаяды бастан адам, Жеткенін кәріліктің ескермейді, Көңілі өсіп, мейманасы асқан адам (Шал ақын) (ҚӘТС XI 158). Қазақ говорларында мейманас деген тұлғасында да сақталған: Мейманас (Қарақ.) «дәулет, байлық, молшылық» (ҚТАС 490). «Байлық» мағынасына ие болған меймана сөзі парсы тіліндегі «қонақ» мағынасындағы михман (Оңдасынов 1974: 255) сөзімен байланысты болса керек, яғни оның ауыспалы мағынасына ие болған тұлғасы болуы әбден мүмкін. Молдық «мол болушылық, көптік, байлық, берекелік» (ҚӘТС XI 274). Мол сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөз «молшылық» деген мағынасынан «байлық» деген мәнге де ауысқан.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==