Каржы сауда лексикасы соңғы

35 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Құт «береке, байлық, мол қазына» (ҚӘТС X 454). Құт болды, құт дарыды «береке орнады, байлықтың басы болды» (ҚТТС 549). Құтпан «құт-береке, ырыс, құт, байлық» (ҚТТС 549). Қазақ тілінде «береке» мағынасындағы құт сөзі береке ұғы­ мындай «байлық» деген ауыспалы мағынаға ие болған. Түркі тілдері мен ескерткіштерінде түрлі мағыналарда айтылып, кең таралған сөз қазақ тіліндей «байлық» мағынасына ие болып, жұмсалғаны байқалмайды: Орхон ескерткіштерінен Күлтегінде қут «құт, бақ; тәңірдің сыйы, берекесі»: özüm kutum bar üçün kagan olortum «өзімнің бағым, құтым болғандықтан қаған болып таққа отырдым» (KT 9) (Tekin 2003: 249). Көне ұйғыр жазулы мұраларында қут «құт» (EUTS 188). Қарахан дәуірі жазба мұрасы Құтты білікте қут «құт, береке; бақ» (KB 10). Құт сөзі қарлұқ тілдерінен бөлек өзге топтардың барлығында түрлі мағыналарда жұмсалады, «байлық» деген мағына тек татар тілінде ғана сақталған: Татар т. қот «құт; бақ, бақыт; байлық, молшылық»: Хатын авырса, өйнең коты китә «Әйел ауырса үйдің құты қашады» (ТатРС 466). Қыпшақ тілдерінен негізінен «құт, бақ» мәнінде айтылса да, тұмар, қорғаушы деген мағыналары көнерген болып саналады: Қырғыз т. кут «түндіктен кіретін құт сәулесі, ұт (қазақша: Ұт кірді ‒ құт келді); мал-жанды қорғайтын құт, тұмар; қалмақ пұты; өмір құты, күш, рух; бақыт, бақ, құт»: Конок бир консо кут, эки консо жут (мақал) «Қонақ бір қонса құт, екі қонса жұт» (КРС I 452); қарақалпақ т. қут «құт, береке, рух; қорғаушы тұмар; бақ, бақыт; сән»: Көлдиң қуты кетсе, қутаны бурын кетеди «Көлдің құты кетсе құтаны бұрын кетеді» (КкРС 415); ноғай т. қут «құт» (НРС 190); қарайым т. қут «бақыт» (КРПС 350) Түрікмен т. ғут (арх.) «бақыт» (ТРС 214); түрік т. kut (арх.) «азық; бақыт» (ТурРС 577) Сібір түркі тілдерінде бұл сөз «жан, рух» деген мағынаға ауысқан: Алтай т. кут «құт; жан, рух» (АРС 407): тува т. кут (миф.) «душа; животворная сила» (ТувРС 267); хакас т. хут «жан, рух» (ХРС 294). Якут т. кут (миф.) «рух, жан»: Кутталыттан кута ыстанна (погов.) «От испуга душа в пятки ушла» (ЯРС 194); чуваш т. хат

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==