Каржы сауда лексикасы соңғы

34 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Кеніш «байлық, молшылық». Бұл мағыналарында көбіне мақал-мәтелдерде айтылады: Арам, арам түбі ‒ реніш, Адал, адал түбі ‒ кеніш (мақал). Саудагерліктің арты ‒ борыш, Сыпайылықтың арты ‒ реніш, Диханшылықтың aрты ‒ кеніш (мақал) (ҚӘТС VII 611). Қазақ говорларында кеңіс деген фонетикалық нұсқасында айтылады: Кеңіс (Маңғ.) «молшылық, байлық»: Шаруашылық түбі ‒ кеңіс, саудагершілік түбі ‒ борыш (мақал, Маңғ.). Телегей теңіз тәтті жыр, Көкірекке толмаса, Жарыққа шықпай жатар ма, Көңілге кеңіс орнаса (Н.Байғ., Таңд. Шығ. 210) (ҚТАС 316). Қазақ әдеби тілі сөздігінде кеніш сөзінің арабтікі деп көрсетілген (ҚӘТС VII 611). Ал Н.Оңдасынов Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігінде оны парсыша гәндж «қазына, байлық» сөзімен байланыстырған (Оңдасынов 1974: 238). Түркі тілдері сөздіктерінде де оның парсыша деп көрсетілуінен түбі сол тілден келгенін айғақтайды (бұл сөз түркі тілдерінде кең таралмаған, тек төмендегі тілдерде ғана сақталған): Қырғыз т. кенч (парс.) «қазына, байлық» (КРС I 374); қарайым т. генч/генц «байлық, қазына» (КРПС 159). Ұйғыр т. генж (парс.) (ист.) «қазына, байлық» (YUTS 132). Түрік т. gencine (парс.) «алтын, байлық қазынасы, көмбесі» (ТурРС 327); түрікмен т. генч «қазына, алтын, байлық қоймасы» (ТРС 171). Осман тілінде kân: kân-ı servet «байлықтың көзі», kân-ı irfan «ілім-білімнің кені». Түрікмен тілінде қос сөз құрамында генжи тұлғасында да жұмсалады: Түрікмен т. генжи-хазына «қазына» (ТРС 171). Қазақ тіліндегі кен сөзі осымен байланысты болса керек.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==