Каржы сауда лексикасы соңғы
33 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Devlet – oğul, mal – tahıl, mülk – değirmen «Ұл деген дәулет, мал деген астық, байлық деген диірмен»; Ya devlet başa ya kuzgun leşe «Бақ басқа я құзғын құсқа (келеді)» (ТурРС 225); түрікмен т. дөвлет «мемлекет; байлық, қазына; бақ; ер адам есімі»: Яғшы ниет, ярым дөвлет «Жақсы сөз, жарым ырым» (мақал); Дөвлетли аш үстүне, бидөвлет кәйиш үстүне «Бағы бар кісі ас үстіне, бақсыз кейіс үстіне (түседі)»; Дөвлетиң артсын «Бағың тассын»; Онуң башына дөвлет ғушы ғонды «Оның басына бақыт құсы қонды» (ТРС 280). Дүн-дүниәт (Атыр., Есб.) «дүние-мүлік, қазына»: Дүн-дүният қуған адам емес едік (Гур., Есб.) (ҚТАС 204). Бұл қос сөз дүние, дүният деген екі сөзден құралып, алғашқы дүние деген сыңары дүн боп қысқарған. Мұндай форма тек қазақ говорларына тән. Әдеби тілде дүние деген бір сөзді тұлғада айтылады. Араб тіліндегі дунйа сөзі қазақ тілінде дүние боп айтылып, ауыспалы «жиған-терген; мал-мүлік, қазына, байлық (Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз (Абай)» деген мағынаға ауысып, төмендегідей қос сөздер құрамында да жұмсалады: Дүние-мал/мал-дүние «қазына-байлық, дәулет, несібе» (ҚӘТС V 58). Дүние-мүлік «Бар дүниелік, дүние-байлық, жиған терген мал» (ҚТТС 210). Дүние-пұл «дүниелік, ақша-қаражат» (ҚӘТС V 59). Дүние сөзінің ауыспалы «байлық, қазына, ақша» деген мағыналарынаиеболутекОртаАзиядағытүркі тілдеріндебайқалады, ал батыс қыпшақ тілдерінде мұндай мағынаға ие болмаған: Қарақалпақ т. дүнья «байлық; қазына, бағалы асыл тастар; қыздың жасауы»: дүнья-мал (КкРС 182); қырғыз т. дүйнө/дүнүйө «табылған қазына, бағалы әшекейлер; байлық; нығмет»: дүйнө тапты «қазына тапты»; Келеринде дүйнө байгеден чыккан аттайсың, кетеринде дүнүйө мөмөмсү түшкөн шақтайсын «Келерінде дүние бәйгеден озған аттайсың, кетерінде дүние мәуесі түскен талдайсың»; Дүнүйөнүң түбүнө жетпейсиң (КРС I 202) Ұйғыр т. дүния «мал, қазына, бар дүниесі» (YUTS 108); өзбек т. дунио «байлық»: дунио тoпмоқ «ақша табу» (УРС 128).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==