Каржы сауда лексикасы соңғы

32 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Дәулеті судай тасыды «бағы жанды, байыды, тасы өрге домалады» (ҚТТС 194). Арабша даулат «бақыт; қонған бақ; тағдыр, жазмыш; ерік, жігер» сөзі байланысты дәулет тұлғасы қазақ тілінде «байлық, қазына» деген мағынаға да ие болған. Көптеген қазақтың ер есімдері де осы дәулет сөзімен байланысты: Дәулет, Дәулеткерей, Дәулетхан, Дәулетбек, Нұрдәулет, Жандәулет , т.б. Бұл сөз ортағасыр жазба ескерткіштерінен бастап қолданылып, түркі тілдерінде ең кең таралған түбі арабтың сөзі: Қыпшақ жазба ескерткіштерінде девлет «бақыт, бақ» (KıpTS 60). Қазіргі түркі тілдері ішінде әсіресе қыпшақ тілдер тобында бұл тұлға түрлі жағымды мағыналарға ие болып, тұрақты тіркес, қос сөз, мақал-мәтелдерінде айтылады, есім ретінде де қойылады. Оғыз бен қарлұқ тілдер тобында мемлекет деген семантикасы пайда болған: Қарақалпақ т. дәулет «байлық; әл-ауқат, қазына; бақ»: Бийдәу­ леттиң басы сынады, дәулетлиниң тасы сынады «Дәулетсіздің басы жарылар, дәулеттінің тасы жарылар» (КкРС 166); қырғыз т. дөөлөт «байлық, мал-мүлік, қазына»: Чыққан мээнет, кирген дөөлөт (мақал) «Шыққан бейнет, кірген дәулет»; Дөөлөт тоғолоқ болот, мээнет жалпақ болот «Дәулет домалақ (айналып келіп кетеді) болса, бейнет жалпақ болады» (КРС I 199); ноғай т. дәулет «байлық, қазына; бақ» (НРС 98); татар т. дәүләт «мемлекет, держава, үкімет; байлық, қазына»; дәүләтле «бай» (ТатРС 225); башқұрт т. дәуләт «мемлекет, үкімет; байлық, мал, мүлік; ер есімі»: Яқшы қатын өй дәулеті, яқшы кейем туй дәулеті «Жақсы әйел үй қазынасы, жақсы киім той дәулеті» (БТҺ I 303); құмық т. девлет «бақ, бақыт, байлық, дәулет, қазына; кісі есімі»: девлетли-авлетли болғур «дәулетті, әулетті бол» (КумРС 106); қарайым т. девлят «күш, қуат; байлық»: девлятли «ауқатты, дәулетті, бай» (КРПС 170); қырым татар т. девлет «мемлекет; байлық»: девлетли «дәулетті, ауқатты» (КРПС 367). Өзбек т. давлат «мемлекет; байлық; бақ; кісі есімі» (УРС 111); ұйғыр т. дөлет «мемлекет; байлық; бақ»: дөвлетке герк болду «дәулетке қарық болды»; дөлет қушу «бақыт құсы» (YUTS 106). Гагауз т. девлет (арх.) «империя, держава, үлкен патшалық» (ГРМС 136); түрік т. devlet «мемлекет; бақ, бақыт құсы (devlet kuşu)»: Devlet adama ayağıyla gelmez «Бақыт адамға оңай келмес»;

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==