Каржы сауда лексикасы соңғы
31 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тағдыр, жазмыш; ерік, жігер» сөзінен құралған қос сөз ауыспалы «байлық» деген мәнге ие болған. Бақ-дәулеті толды «Бақ, береке, байлық жеткілікті болды». Басынан бақ-дәулет ұшты «Басынан бақ тайды» дегендей тұрақты тіркестер құрамында да айтылады. Береке «ырыс, молшылық, байлық»: Арабша брк түбірінен шыққан ةكرب баракат сөзі сол тілде не гізінен «Алланың нығметі, молшылық» дегенді білдіреді. Қазақ тілінде де негізгі мәнінен бөлек ауыспалы «байлық» деген мағынаға ие болды. Мәселен, төмендегі тіркестер мен қос сөздерде сол мәні аңғарылады: Береке қонды «байлық, дәулет келді, береке дарыды» . Береке-құт (құт-береке) «дәулет, байлық» (ҚТТС 126). Қазақ говорларында бәрәкәт (ҚТАС 134) деп те айтылады. Әдеби тілде, көркем шығармаларда берекет деп те көрінеді: Қылып жүрген өнері Қарекеті ‒ əрекет. Өзі оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет? (Абай). Жергілікті ерекшелік боп береке сөзі «мереке» мәнінде айтылады: Бұрын береке көп болған кез, айтыс көп болушы еді (Рес., Орын.) (ҚТАС 140). Соған қарағанда қазақ тіліндегі «мейрам» мағынасындағы мереке сөзі де береке тұлғасымен байланысты ме екен? Береке сөзі мереке деген формасына өзгеріп өзгеше яғни ауыспалы мағынаға ие болған деп топшылауға болар еді. Арабша түсіндірме сөздігінің құраушысы Н.Оңдасынов та мерекені береке сөзімен байланыстырып, оны ауыспалы мағынаға ие болған фонетикалық варианты деп қарастырады (Оңдасынов 2010: 40). Дәулет «дүние-мүлік, байлық, қазына»: Дәулетті «ауқатты, бай». Дәулет бітті (қонды) «байыды». Дәулетке кенелді «дүние мүлкі көбейді, байыды» . Дәулеті асқан «ауқатты, бай»
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==