Каржы сауда лексикасы соңғы
30 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазіргі қазақ тілінде абат сөзі бірнеше туынды тұлғалар арқылы «гүлдену», «көркею» мағынада жаңа сөздер ретінде қалыптасып, 2010 жылдан бастап баспа беттерінде кеңінен қолданылуда: «...Ақмола облысындағы елді мекендерді абаттандыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы жайлы хабардар етті» («Егемен Қазақстан», 24 қараша 2010 жыл (Құрманбайұлы, 2023: 22). 2014 жылы жарық көрген салалық терминологиялық сөздіктер топтамасында абаттандыру термині сәулет және құрылыс, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, экология, геология, геодезия және география, философия және саясаттану, тарих, экономика және қаржы, сондай-ақ іс жүргізу және мұрағат ісі салаларында кездеседі. 2021 жылы «благоустройство» мағынасындағы абаттандыру термині Терминологиялық коммисиямен бекітілді. Осылайша, абат сөзінің бастапқы көркем мағынасы уақыт өте келе нақтыланып, терминологиялық деңгейге көтерілгенін байқауға болады (Абат сөзіне қатысты дерек Ахмет Ақжібектің ұсынған материалынан алынған). Адулық (Алм., Жам.) «теңдік, байлық»: Өндіргенің балғын көк, адулыққа жеткен күнің бүгін (Алм., Жам.) (ҚТАС 20). Қазақ говорларында айтылатын «байлық» мағы насындағы адулық сөзі адуынды «азулы, өжет, мықты, қайсар», адуындық «өжеттілік, қайсарлық, өркөкіректік» сөздерімен байланысты болса керек. Өйткені мағына жағынан жақын, байлығы бар адамның адуынды болуы, адуындық көрсетуі анық. Екінші жағынан адулық тұлғасы адуындықтың варианты болып та тілде жұмсалады, мәселен Қазақ әдеби тілінің сөздігінде адулық тұлғасы «адуындық» деп анықталған: Айтқанмен адулықпен алар сөзді, Басқанда білерсің деп от пен қозды. Отырды үндеместен иіп басты, Сыр бермей сыпалықпен сүзіп көзді (Т.Ізтілеуов, Рүстем.) (ҚӘТС I 92). Бақ-дәулет «байлық, барлық» (ҚӘТС II 629). Парсыша бахт (қазақ тілінде бақ және бақыт нұсқаларында) сөзі мен арабша даулат (қазақша айтылуы дәулет ) «бақыт; қонған бақ;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==