Каржы сауда лексикасы соңғы
29 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақ тілінде «көсем, көшбасшы, қасқыр немесе арыстан үйірінің бастаушысы, арлан» деген мағыналарында да абадан сөзі жұмсалады. Қазақ тіліндегі «Арыстан көп, абаданы біреу», «Атадан алтау болса да, абаданы біреу» деген сияқты мақал-мәтелдерде де айтылады. Соңғысы көне түркі тіліндегі «ірі, үлкен» деген мәнде жұмсалған аба сөзімен байланысты болса керек. Қазақ тілінде асаба сөзінде бұрынғы мағынасында сақталған: Асаба = ас+аба «тойды жүргізуші, басқарушы, дастархан басшысы, отырысты басқарушы». Диуани лұғатит түрк жазба ескерткішінде aбa қыпшақ тілінде «аю» (DLT.I.86-13) деп тіркелген. Әлі күнге дейін сол семасы кейбір тілдерд сақталғаны назар аудартады: хакас т. аба «аю» (ХРС 13); чуваш т. упа/опа «аю» (Федотов II 1996: 281). Ірі деген семантикасы қарашай-балқар тілінде сақталған, тіпті қазақ тіліндегідей абадан формасында жазылған: абадан «үлкен, ірі; басшы»; абадан-абадан «ірі-ірі» (КБРС 15). Абадандық парсы тіліндегі абад «гүлденген, көркейген, жақсы күйдегі мекен» сөзінен шыққан болуы да ғажап емес. Бұл сөз орта ғасыр мәтіндерінде кездесіп, көбіне «көркейту», «жақсарту» мағынасында қолданылған. Мысалы, «Дәурен қамын ойластыр, көңіл-көтеру үйін абат қыл, Жан мен көңілді шат қыл, чәң мен сырнай әуеніменен» (Заһираддин Мұхаммед Бабыр, «Ғазал»). Бұл үзіндіде абат қыл тіркесі «көңілді көтер, шаттық орнат» деген мағынада қолданылған. Кейінгі тарихи кезеңдерде абат сөзі белгілі бір аумақтың гүлденуімен, көркеюімен байланысты қолданыла бастады. Мысалы, 19-20 ғасырлардағы жырларда және тарихи деректерде бұл сөз қалаларды көркейту, жақсарту мағынасында кездеседі: «Абат қылып беремін Ноғайлының қаласын» (Белгібай Бектұрғанов). Бұл контексте абат қылу – «қаланы көркейту, жақсы инфрақұрылым қалыптастыру» деген ұғымды білдіреді. Осылайша, сөздің мағынасы нақтыланып, кеңістіктік сипат алғанын байқаймыз. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романында да абат елді тіркесі «көркейіп тұрған елді» мағынасында қолданылған: «Абат елді ала айран етті» (Ілияс Есенберлин, «Көшпенділер», 1-кітап).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==