Каржы сауда лексикасы соңғы

3 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ АЛҒЫ СӨЗ Жүріп өткен жолы, мәдениеті мен тарихы бай халықтың тілі де бай болатыны белгілі. Асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ жерді мекен еткен қазақ халқының ғасырлар бойы жиған-терген рухани- материалдыққазынасыныңбәрі де тіліненкөрініс тапты. Қазақ тілінің сан салалы лексикалық қорының бір тармағы қаржы-экономика ұғымдарын білдіретін сөздер. Көне дәуірлерден бастап бүгінге дейінгі кезеңде қалыптасқан сондай сөздерді жиып-теріп, түгендеп, арнайы зерттеу қазіргі заманда өте маңызды. Бұл халқымыздың тарихын танып, төл мәдениеті мен тілінің байлығын паш етумен қатар қазақтың қазіргі қаржы тілінің өркен жайып, қолданыс аясының кеңеюі үшін де қажет. Сол себепті біз тіл мамандары мен қаржыгер маман бірлесе отырып осы зерттеуді жүргіздік. Зерттеу жұмысында негізінен қазақ қаржы-экономика лексикасының ішінде түркі тілдеріне ортақ төл сөздерді барынша қамту көзделді. Мәселен, ақша, алтын, бақыр, құн, қор, тауар, інжу, салық, теңге сияқты ертеден келе жатқан төл атауларымыздың мағынасындағы өзгерістер көрсетіліп, олардың этимологиясы, тілден-тілге алмасу жайы түркі тілдерімен салыстырыла талданды. Осы талдау, зерттеу нәтижесі қазақ тілі қаржы-экономика, сауда-саттыққа қатысты сөздерге өте бай екенін және ондай сөздердің ұлт тілінде сонау көне түркі заманынан бастап қолданылып, қазіргі уақытқа дейін сақталып, мағыналық-тұлғалық тұрғыдан дамып, толығып отырғанын көрсетті. Қаржы лексикасының ғасырлар барысындағы дамуы мен қалыптасуын диахрондық тұрғыдан зерделеу арқылы көптеген сөздердің этимологиясы анықталды. Тарих көшіндегі қазақ халқының, жалпы тамырлас түркі жұртының бір-бірімен және өзге де елдермен сауда-саттық, саяси-экономикалық қатынастары, барыс- келіс, алыс-берістері негізінде қаржы-экономика терминологиясы мен сала тілі дамудың бірнеше ғасырлық кезеңдерін басынан өткерді. Қазақтың қаржы-экономика тілі қазір де айрықша қарқынмен толығу үстінде. Ондай толығу тек ұлт тілінің терминжасам тәсілдері арқылы жасалған жаңа терминдермен ғана емес, шет тілдерінен енген кірме терминдер арқылы да жүзеге асып жатыр. Сондықтан жүзжылдықтар белесінде қалыптасқан қаржы-сауда тілінің сөз қорын зерттеу, оның

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==