Каржы сауда лексикасы соңғы

4 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ өткені мен бүгінін сараптай отырып ғылыми, оқулық еңбектер жазу бұл сала тілінің дамуына үлес қосып, тың серпін береді деп сенеміз. 2015 жылы біздің редакторлығымызбен «Қаржы-банк саласына арналған қазақ тілінің оқу-әдістемелік және сөздік-анықтамалық кешені» ғылыми жобасы аясында «Қаржы-банк терминдерінің орысша-қазақша-ағылшынша сөздігі» (Алматы, 2015, 800 б.), Қаржы, банк қызметкерлеріне арналған қазақ тілі (Үш деңгейлік оқулық) және Банк қызметкерлеріне арналған 12 тілді қамтитын (қазақ және ағылшын, француз, неміс, испан, қытай, жапон, корей, араб, парсы, хинди, орыс) тілдескіштер сериясы жарық көрген еді. Араға 10 жыл салып жарияланып отырған бұл еңбегіміз де сол басталған істің жалғасы, осы бағыттағы ізденістеріміздің нәтижесі. Зерттеу нәтижелерін тарихи-салыстырмалы сөздік түрінде ұсынып отырмыз. Еңбек қаржы тілінің өткені мен бүгінгі жай-күйі қызықтыратын көпшіліктің, қаржыгер мамандардың қажетіне жарап, сала тілінің дамуына септігін тигізеді деп үміттенеміз. Қайрат Келімбетов экономика ғылымының докторы

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==