Каржы сауда лексикасы соңғы

ӘОЖ 336:80/81 КБЖ 65.26 : 81.2 Қ 77 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған Рецензенттер: Тыныштық Ермекова – филология ғылымының докторы, профессор Сарқыт Әлісжан – филология ғылымының докторы, доцент Түркі қаржы-сауда лексикасы (тарихи-салыстырмалы зерттеу). Шерубай Құрманбайұлы, Қайрат Келімбетов, Мәрлен Әділов . – Алматы: «Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы», 2025. – 360 бет. ISBN 978-601-12-4691-0 Бұл кітапта көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінен бастап, қазіргі қазақ және түркі тілдерінде қолданылып келе жатқан қаржы- экономика саласындағы терминдер мен атаулар талданған. Қазақ тілінде қолданылып келе жатқан немесе қолданыстан шыққан жекелеген қаржы- экономика және сауда терминдерінің түпкі мағынасы мен этимологиясы көне түркі жазба мұралары деректері негізінде берілген. Еңбекте қазақ қаржы-экономика лексикасының ішінде негізінен түркі тілдеріне ортақ төл сөздер қамтылған. Түбі түркі сөздерімен бірге ерте дәуірлерде кірген кейбір араб, парсы, моңғол, қытайжәне орыс тілдерінен енген кірме сөздердің түпкі мағынасы да анықталған. Кітап қаржы-экономика саласындағы сөздер мен ұғымдар талданған тарихи-салыстырмалы сөздік түрінде ұсынылып отыр. Қаржы-экономика терминдерінің қысқаша этимологиялық әрі диахрондық сөздігі тіл мамандары, тарихшы, әдебиетші, түркітанушы ғалымдар мен зерттеушілерге және этимология мен тіл тарихына қызығатын оқырман қауымға арналған. © Құрманбайұлы Ш., Келімбетов Қ., Әділов М. 2025 © Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы, 2025 ISBN 978-601-12-4691-0 ӘОЖ 336:80/81 КБЖ 65.26 : 81.2

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==