Каржы сауда лексикасы соңғы

341 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ және түркі халықтарына ортақ сөздерді кірме элемент деп көрсету белең алды. Анық дәлелі болмаса да парсыда бар сөзді ирандікі деп телу мәселесі байқалады. Десек те бастапқы мағынасы ұмытылып немесе көмескі тартқан төл сөздерімізді ыждағаттылықпенжинақтап, ұлт тілінің бай сөздік қоры мен көне тарихын насихаттау – лингвист мамандар міндеті. Осы тұрғыдан келгенде өз сөздерімізді өзгелерге теліп, асығыс шешім қабылдамай сөздің тарихын терең зерттеп, бұлтартпас тілдік-тарихи деректер тапқаннан кейін ғана оның қай тілге тән екенін айқын дәлелдеп барып жария еткен орынды. Бұлай деуіміздің себебі осы еңбекте талданған жоғарыдағыдай сөздеріміз сөздіктерімізде кірме элемент деп жиі жазылады. Біз түрік текті халықтардың әр дәуірге тән ескерткіштері мен қазіргі тілдеріндегі осы сөздердің қолданысын, мағыналық-формалық тұрғыдан даму, өзгеру ерекшеліктерін, мағыналарындағы сәйкестіктерді салыстыра-салғастыра талдап, олардың арасындағы семантикалық байланыстарды анықтау негізінде мұндай атауларды байырғы түрік сөздері деген тұжырымға келдік. Кітапта ақы , арзан, әмиян, баға, базар, дәулет, делдал, кеніш, керуен, кісе (қалта), қазына, қаржы, қымбат, нарық, пай, пұл, сауда, ырыс бастаған араб, парсы элементтері де басшылыққа алынды, солардың ішінде, қаржы, сауда лексикасының бір байлығына жататын орыс тілінен еніп, қазақы формаға ауысқан атаулар да ( бүмәжнік, жәрмеңке, кеженей (казенный), көпес, күмәжнік, күреш (грошы), ләпке, мәліш, мәнет, сөлкебай (целковый), сома ) жиі кездесетіні анықталды. Дегенмен түркі халықтары орыс тілінен кейінгі дәуірлерде ғана сөз алғаны болмаса ертеректе олар ежелден қаржы-экономиканы меңгеріп, әлемдік бір өркениет ретінде көрші халықтарға әсер еткен, сауда ісін жақсы біліп, соған қатысты терминдер шығарып, сол сөздер өзге мәдениеттерге өткен, соның ішінде ақша бірліктері, салық түрлері, таңбалар, зергерлік бұйымдар әлі күнге дейін славян халықтарында түркі тілдеріндегі формада кездеседі. Мысалы орыс тіліндегі ең жиі айтылатын алтын, баскак, деньги, тамга, казна, ярлык, базар , т.б. экономика терминдерінің түбі түрік текті халықтар сөздері болуы соның айқын дәлелі. Ғылыми еңбекте «тегін, арзан, қымбат» мағынасындағы сөздерден бастап «әмиян» атаулары, тіпті «ақша айырбастауға»

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==