Каржы сауда лексикасы соңғы
340 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ оғыз тілдер тобында осы сипаттағы терминдер «-ыш» қосымшасы арқылы жасалғаны аңғарылады. Талданған лексика арасында аласы, алажақ, берешек, бересілі, тұрмыс, шығасы т.б. мысалдарында көрінгендей көне әрі қазіргі күні өнімсіз жұрнақтардан жасалған атаулар кездеседі (-асы, -есі, -ажақ, -ешек, -мыс көне есімшежұрнақтарынанжасалған терминдер). Сауда, қаржы лексикасы арасында ал - етістігінен көп сөздің жасалғаны анықталды: албан, алым, алымшы, алыш (көнеде салық түрі), алыс-беріс, алажақ, алашақ, аларман, аласы, алмақ (аласы), алымсақ, алып-сатар, алу (сатып алу), алық-берік, алғы-бергі , т.б. Тікелей қаржыға қатысты болмаса да, қазақтың экономикалық өмірінде маңызды орын алған әрі саудада төлем құралы ретінде жүрген торғын, торқа, жібек, барша, баршын, қамқа, шұға секілді қымбат мата атаулары, алтын, динар, ділдә, жамбы, зер, күміс, қызыл (алтын), манат, інжу сияқты бағалы металдар, қазба байлықтар мен ақша атаулары, кәмшат, құндыз, жанат , т.б. құнды тері бұйымдары зерттеу нысанына алынды. Ауызекі тілде айтылатын немесе қарапайым қазақы атаулар да назардан тыс қалмады, мысалы: күйіп тұр, шарықтап тұр, жайлық, жол-күре, тоймал, тояна, тапқан-таянған, қаракөз ақша, көк тиын, қара тыйын, қат мал, қоспа, қол үздік, қырда (тиын), қырман қырып жатыр (пайда табуда), май (жалақы). Қазақта бай мен кедей, жомарттық пен мәрттік тақырыптарына жататын сөздер де назардан тыс қалмады, бір ғана «бай» мағынасында ақшалы, ауқатты, бай, бек, баранды, би, бұлды, дәулеті асқан, дәулетті, қалтасы қалың, қалталы, қаржылы, сомалы, теңгелі, ырысты сөздерінің төркіні қарастырылса, «кедей» дегенді білдіретін қоңсы, сыбай, салтаң, жарлы, шығай, жоқшыл, қайыршы, тіленші, тілемсек төл атаулары мен кедей, пақыр, міскін, ғаріп, мүсәпір кірме лексикасының этимологиясы анықталды. Еңбекте осы атаулардың әрқайсысы кірме сөз болсын, түркі көне сөзі болсын бірдей түбірі ажыратылып талданды. Түркі тілдеріндегі баламалары қатар берілді. Бұған дейін кейбір парсыша қазақша сөздіктерде алтын, мал, теңге, інжу, баршын, дорба, тауар атауларын парсынікі немесе орыстікі деп теңелген сөздердің түбі түркінің төл атаулары екендігі осы кітапта дәлелденді. Неге десек, соңғы кездері араб пен парсы
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==