Каржы сауда лексикасы соңғы
339 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ҚОРЫТЫНДЫ Этимологиялық зерттеулер, сөздердің тарихына қатысты жаңа тұжырымдар мен тың пікірлер көпшілік тарапынан қашанда қызығушылық туғызып, оқырманды өзіне тартады. Қаржыға қатысты атаулар мен сауда-экономикаға байланысты сөздердің шығу төркіні, бастапқы мағынасы деген мәселе де өзінше қызық ты тақырып. Кітапта қазақ тіліндегі қаржы-сауда лексикасын тарихи-салыстырмалы тұрғыдан қарастыру нәтижесінде қазіргі қолданыстағы көптеген терминдердің көне түркі дәуірі мен орта ғасырлардан бері тілдік қорымызда сақталып келе жатқан төл атауларымыз екендігі анықталды. Олардың қатарында айлық , айырбас, ақша, албан, алтын, алым, алыс-беріс, алажақ, аларман, аласы, алымсақ, алып-сатар, асық (пайда), әншейін (тегін), байлық, бай, бақыр, бастық, бересі, берешек, билік, борыш, бос (тегін), бүктеме, енші, жалақы, жарлы, жармақ, жасақ, жөргем, ие, иелік, келісім, келістіруші, кіріс, қалта, қап (ақшақап), қор, құн, меншік, ортақ (серіктес), өтем, салық, сатымсақ, сатылым, саттық, сауға, олжа, сауқат, сыралғы, сарт, сауда-саттық, сеп, сом, табыс, тауар, тегін, теңге, тиын, үлес, үп, шақа, шығай, шығын және т.б. атаулар бар. Сонымен қатар, қазақ әдеби тілінде кездеспейтін, бірақ көне түркі тілінде тіркелген ағы «қазына», ағыр «қымбат», арашы «делдал», арқыш, арқыш-теркіш «керуен», бергү «қарыз», берим «қарыз», бисте «саудагерді үйінде қонақ етіп орнына қой алатын адам», буқур - «саудаласу, ед «мүлік», барым «мал, дүние», йанчық «әмиян», йоқсул «кедей», өлүг «жылжымайтын мүлік», өтнү «қарыз», сеш «кепілдік», тaвығ «алыс-бeрiс», тек «тегін», учуз «арзан» секілді терминдер талданып, ғылыми қауым назарына ұсынылды. Қаржы-сауда терминдерінің арасында терминжасамның бір үлгісіменжасалған атаулар бар екені айқындалды. Олардың қатарына алым, берім, бітім, келім, келісім, өсім, өтем, салым, сатым, сатылым, төлем, түсім, шығым тәрізді терминдер кіреді. Қазақ тілі мен қыпшақ тобында көнеден келе жатқан қаржы терминдерінің етістіктен есім тудырушы «-ым» жұрнағы белсенді болса, қарлұқ пен
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==