Каржы сауда лексикасы соңғы
342 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ дейін жүздеген синоним сөздер мен варианттық қатарлар қаралды, бір ғана тегінге келсек, ақысыз, әншейін, бекер, борышсыз, бос, жай, өтеусіз, пұлсыз, сатусыз, саудасыз, тек, тегін, төлемсіз сөздері қарастырылса, «ақша айырбастау» деген мағынада уату, ұсақтау, бұзу, ұсату, уақтау, айыру етістіктері талданды. Мұның бәрі немесе әлі де осы тізімге кірмеген, біз білмеген жүздеген сөздердің болуы тіліміздің қаншалықты бай екендігін көрсетеді. Бұл қаржы лексикасының төркіні талданатын алғашқы еңбек болуымен құнды, дегенмен әлі де түп-төркіні анықталуы керек сөздер аз емес. Алдағы уақытта бай сөздік қорымыздың терең тарихын, көне бастауларын анықтау бағытындағы осы іспетті жұмыстар циклы жалғасады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==