Каржы сауда лексикасы соңғы
332 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тіліне орыс тіліндегі «своп» сөзі ешқандай қазақ тілінің табиғатына сәйкестендірілмей өзгеріссіз енген. Субсидия (лат. subsidium – көмек). Демеуқаржы, көмекқаржы. Заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен бөлінетін тегін және қайтарымсыз төлем дер, демеуқаржы. Субсидия орыс тілінің сөздік қорына Петр заманында неміс тілінен енген кірме сөз. Нем. Subsidium<lat. subsidium – көмек. Кей сөздіктерде демеуқаржы, көмекқаржы (Тоқсанбай 2009: 196), жәрдемқаражат (Қасымбеков 2014: 501) деген қазақша баламалары кездеседі. Өтімділік (фр. liguidity – сұйықтық). 1. Актив баптарының пассивке міндеттемелерді төлеу үшін ақшаға айналу мүмкіндігі. 2. Компанияның ағымдағы борыштарын төлеу қабілеті. Фр. liquide<ағ. liquid< лат. liquidus – сұйық, ақпа (жидкий, текучий). Бұл сөздің сын есімі – liquid («сұйық»)орыс тіліне«ликвидный» (легко реализуемый, превращаемый в наличные деньги) болып қабылданған. Орыс тілінде ағылшынның [w] дыбысы болмағандықтан, [w] дыбысы (у мен в арасындағы еріндік жартылай дауысты дыбыс) в дыбысымен алмастырылған. Қазақ тіліндегі баламасы – өтімді. Мысалы, қаз.т. өтімді қаражат (орыс т. ликвидные средства), қаз.т. өтімді активтер (орыс т. ликвидные активы). Факторинг (ағ. factoring – фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент). Ақшалай талапты беріп қаржыландыру. Орыс тіліне ағылшын тіліндегі ng [ŋ] дыбысы нг болып қабылданып, қазақ тіліне дәл орыс тіліндегідей еш өзгеріссіз енген. Форвард (ағ. forward – алға, ілгері қарай). Мәміле жасалғаннан кейін әрі кеткенде 2-3 күн өткен соң жүргізілетін мерзімді есеп айырысу нысаны. «forward» сөзіндегі ағылшынның [w] дыбысы орыс тілінің дыбыстық жүйесіне жат болғандықтан, орыс тілінде в дыбысына ауыстырылған. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы дәл сол тілдегідей қабылданған. Форфейтинг (ағ. forfeit – айыппұлдық, тәркіленген). Импортшы ризалық берген вексельдерді экспортшылардан сатып алу ныса нында сыртқы экономикалық операцияларды несиелендіру. Қазақ тіліне ағылшын тілінен орыс тілі арқылы ешқандай тілдік өзгеріске түспестен енген. Ал орыс тіліне ағылшын тілінен қабылданғанда «forfeiting» сөзіндегі ng [ŋ] дыбысы нг болып өзгертілген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==