Каржы сауда лексикасы соңғы

331 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Листинг (ағ. listing – тізім). Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасындағы немесе бағалы қағаздардың басқа да ұйым­ дастырылған нарықтарындағы саудаға жіберу ережелері. Бұл сөздегі ағылшынның ng [ŋ] дыбысы орыс тілінің дыбыстық жүйесінде болмағандықтан нг болып қабылданған. Ал қазақ тіліне орыс тілінен еш өзгеріссіз қабылданған. Маркетинг (ағ. marketing<market – рынок, базар, өткізім, сауда). Кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) өндірістік-өткізу және сауда қызметін ұйымдастыруы мен басқаруының кешенді жүйесі. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы түпнұсқа тілден еш өзгеріссіз қабылданған. Менеджер (ағ. manager – басқарушы, жетекші < to manage – басқару). Тауарлар өндірісі мен айналысын басқару жөніндегі маман. Орыс тіліне ағылшын тілінен XX ғ. 2 -жартысында қабылданып, қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Ағылшын тіліндегі manager [ˈmᴂnɪdʒə] сөзіндегі [ᴂ] дыбысы орыс тіліне е дыбысы болып енген, g [dӡ] дыбысы орыс тілінде болмағандықтан, бұл дыбыс орыс тіліндегі д+ж дыбыстарының қосындысы арқылы берілген. Менеджмент (ағ.management<to manage – басқару). Өндірісті басқарудың принциптері, әдістері, құралдары, формаларының жиынтығы. Орыс тіліне ағылшын тілінен XXғ. 2-жартысынан бастап енген, қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Ағылшын тілінің management [‘mᴂnɪdӡment] сөзіндегі [ᴂ] дыбысы орыс тіліне қабылданғанда е дыбысы болып өзгертілген. Орыс тілінде g [dӡ]дыбысы болмағандықтан, бұл дыбысты орыс тіліндегі д+ж дыбыстарының қосындысы арқылы берген. Оффшор (ағ. offshore – жағалаудан тысқары). Орталығы ел аумағынан тыс орналасқан кез келген қаржы ұйымын көрсету үшін қолданылатын термин. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы дәл ағылшын тіліндегі қалпын сақтап енген. Мысалы, оффшорлық банк бөлімшесі – оффшорное банковское отделение. Своп (ағ. swap – айырбас). Ұлттық валютаны шетелдік валютаға белгілі бір мерзімнен кейін қайта айырбастауға міндеттеніп айырбастау операциясы. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Орыс тілінің дыбыстық жүйесінде swap [swɒp] сөзіндегі ағылшынның [w] дыбысы болмағандықтан, [w] дыбысы (у мен в арасындағы еріндік жартылай дауысты дыбыс) в дыбысымен алмастырылған. Ал қазақ

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==