Каржы сауда лексикасы соңғы

330 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ инвестициялау, ақша салу<лат. vestire – киіндіру, безендіру, vestis – киім. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Инфляция (лат. inflatio – қабыну, ісіну, көтерілу). Бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Орыс тілінің сөздік қорына ағылшын тілінен XX ғ. 1-жартысында қабылданған. Ағ. inflation-ісіну< фр.inflation<lat.inflatio – ісіну< inflare – ішке үрлеу, мұндағы in – ішке, flare – үрлеу. Импорт (ағ. import – әкелу). Шетелден екінші бір елге тауар, капиталдың т.б. әкелінуі. Ағ. import – әкелу< lat.importare – әкелу, мұндағы im – ішке,portare – әкелу (носить, доставлять). Орыс тіліне ағылшын тілінен XIX ғ. 1-жартысында енген. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Клиринг (ағ. clearing< to clear – есеп айырысу (заплатить долг, произвести расчет). Тараптардың өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алуына негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Орыс тіліне ағылшын тілінен XX ғ. басында қабылданған. Орыс тілінде ағылшын тіліндегі ng[ŋ] дыбысы жоқ болғандықтан >нг болып өзгеріске ұшыраған. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Кредит (нем. Kredit – қарыз, несие). Тауар не ақшалай қаражатты белгілі бір мерзімге пайыз төленетін несиеге беру. Нем. Kredit<лат. creditum – қарыз, несие, credere – сену, сеніп қарызға ақша беру. Орыс тіліне неміс тілі арқылы XVIII ғ. басында кірген, кейіннен жаңа қазіргі мағынасына ие болған. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Лизинг (ағ. leasing<to lease – жалға алу). Ұзақ пайдалануға тауар түрінде несие беру нысандарының бірі. Ағылшынның n және g дыбыстарының қосындысы – ng[ŋ] қазақ тіліндегі ң дыбысын береді. Ал ng[ŋ] дыбысы орыс тілінде болмағандықтан нг болып қабылданған. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы еш өзгеріссіз «лизинг» болып қабылданған. Сөздіктерде «лизинг» сөзінен туындаған «лизингілік» сөзі кездеседі. Бұл сөз С. Тоқсанбайдың сөздігінде «лизингілік» деп берілсе (Тоқсанбай 2009: 97), Қазақ сөздігінде «лизингтік» деп беріліп жүр (Қазақ сөздігі 2013: 884).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==