Каржы сауда лексикасы соңғы
329 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ е дыбысына өзгертілген. Сондай-ақ, орыс тілінде ағылшын тіліндегі ng[ŋ] дыбысы жоқ болғандықтан >нг болып өзгеріске ұшыраған. Депозит (лат. depositum – жарна, кепілақша, кепілзат, сақтауға берілген зат). «Депозит» сөзі орыс тіліне XVII ғасырдың ортасында кірген. Лат. depositum – сақтауға өткізген зат (вещь отданная на хранение, в депозит)< deponere – кейінге қалдыру (откладывать), мұндағы de – латын тілінің сөздің алдына қойылатын қосымшасы (приставка), орыс тілінде «от» (приставка), ponere – қою (класть). Джоббер (ағ. jobber<job – жұмыс, іс). Тауар өткізуші агент, делдал. Ағылшынның job[djɒb] – жұмыс деген сөзінен шыққан. Орыс тілінде j[dʒ] дыбысы болмағандықтан сөздің басындағы j[dʒ] дыбысы д+ж дыбыстарының қосындысы арқылы берілген. «Джоббер» сөзі қазақ тіліне еш өзгеріссіз орыс тілі арқылы енген. Дилер (ағ.dealer – саудагер, сатушы (торговец, агент по продаже). Тауарларды, бағалы қағаздарды, валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға, бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы. Қазақ және орыс тілдеріне XX ғ. 90 жылдары ағылшын тілінен енген. Ағ. Dealer < deal – бөлу; беру; келісімге, мәмілеге келу. Дивиденд (лат. dividendus – бөлінуге тиіс). Қосқан ұпайға қарай берілетін таза пайданың үлесі. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Дисконт (ағ. discount – шегерім). Биржалық және валюталық мәмілелерде тауар валюта бағасынан шегерім; банк вексельді есептеу кезінде өндіріп алатын есептік пайыз. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Орыс тілінде discount [‘diskaunt] сөзіндегі ағылшынның ou[au] дифтонгы о монофтонгы болып өзгеріске ұшыраған. Инвойс (ағ. invoice – шот, фактура). Жеткізуші, сатушы шарт жасасқаннан кейін сатып алушының атына жазатын шот-фактура. Орыс тіліне ағылшын тілінен, қазақ тіліне орыс тілі арқылы еш өзгеріссіз қабылданған. Инвестиция (нем. Investition – қаржы салымы). Қаржы салымы (белгілі өндіріске немесе іске қаржының құйылуы; экономиканың бір саласына құйылған ұзақ мерзімді қаржы. Орыс тілінің сөздік қорына неміс тілі арқылы XX ғ. 1-жартысында қабылданған. Нем. Investition – инвестиция, investieren – инвестировать< итал.investire –
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==