Каржы сауда лексикасы соңғы
328 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Варрант (ағ. warrant – өкілеттік, сенімхат). Белгілі бір мерзім өткеннен кейін құнды қағаз иесіне қосымша жеңілдік алуға құқық беретін, құнды қағазбен бірге тапсырылатын қосымша куәлік. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Орыс тілінде w [w] дыбысы жоқ болғандықтан, w дыбысы орыс тіліне тән [в]-ға ауыстырылып,орыс тіліне варрант болып енген, ал қазақ тіліне орыс тілі арқылы варрант қалпында кірген. Венчур (ағ. venture – тәуекелшіл кәсіпорын). Пайдалы, бірақ келешек нәтижесі белгісіз коммерциялық іс-әрекетке тәуекел жасау. Қазақ тіліне ағылшын тілінен орыс тілі арқылы енген. «Венчурлік» туынды сөзі қазақ тілінің сөз тудырушы-лік жұрнағы арқылы жасалған. Мысалы, venture enterprise – венчурлік кәсіпорын (орыс т. венчурное предприятие); venture financing – венчурлік қаржыландыру (орыс т. венчурное финансирование). Вексель (нем. Wechsel – айырбас, ақша ұсақтау). Жазбаша түрде толтырылған ұзақ-мерзімді борыш міндеттемесі. Орыс тіліне XVII ғ. соңында неміс тілі арқылы кірген. Қазақ тіліне орыс тілінен дәл сол күйінде қабылданған. Нем. Wechsel – айырбас, ақша ұсақтау<лат. vices – өзгеріс, нем. weichen – айырбастау, өзгерту. Дебет (лат. debitum – қарыз). 1.Актив шоттарда шот бойынша түскен барлық түсімдер жазылатын кіріс бөлігі. 2.Пассив шоттарда шот бойынша барлық шығыстар топтастырылатын шығыс бөлігі. 3. Борыш, берешек. Орыс тіліне неміс тілінен қабылданған. Негізі латын тілінің debitum – «қарыз» деген сөзінен шыққан (лат. de – төмендеу, азаю (движение вниз,уменьшение); habere – бар болу (иметь); яғни, орыс тіліндегі тікелей аудармасы – «уменьшение или лишение имения»). Ағылшын тіліндегі латын тілінен енген туынды сөздер: debtor – қарызгер, debt – қарыз. Девальвация (нем. Devalvation – құнсыздану). Ұлттық валюта курсының халықаралық қаржы нарығындағы төмендеуі. Орыс тіліне XX ғ. 2-жартысында неміс тілінен енген. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Нем. Devalvation, Devaluation – девальвация< фр. devaluation< лат. de – төмен, valere – құны болу. Демпинг (ағ. dumping<dump – лақтырып тастау). Тауарлардың сыртқа төмен бағамен шығарылуы. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы өзгеріссіз қабылданған. Орыс тіліне XX ғ. 1 - жартысында ағылшын тілінен енген. Dumping [‘dʌmpiŋ] сөзіндегі u[ʌ]дыбысы орыс тілінде
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==