Каржы сауда лексикасы соңғы

327 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бизнесмен (ағ. businessman – бизнеспен айналысушы адам, кәсіпкер). Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Орыс тіліне ағылшын тілінен XX ғ. 1-жартысында енген. Ағылшын тілінде business – кәсіп, man – адам деген мағынаны білдіреді. Ағылшын тілінің businessman [‘bɪznɪsmæn] сөзіндегі i [ɪ] дыбысы e дыбысына, æ дыбысы орыс тілінің дыбыстық жүйесіне жат болғандықтан е дыбысымен алмастырылған. Ағылшын т. businessman / бизнисмән/<орыс т. /бизнесмен/<қаз.т. /бизнесмен/. Қазақ тіліне орыс тіліндегі қалпында еш өзгертілмей қабылданған. Брокер (ағ. broker – маклер, бағалаушы, комиссионер). Қор және тауар биржаларында, валюта рыноктарында, валюта, құнды қағаздар, т.б. құндылықтарды сатушылар мен алу-шылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін ресми делдал (жеке адам немесе фирма). Орыс тіліне ағылшын тілінен XX ғ. 1-жартысында енген. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы ешқандай өзгеріске ұшырамай қабылданған кірме сөз. Кей сөздіктерде «делдал» сөзі «брокермен» қатар қолданылып жүр (Тоқсанбай 2009: 24). Брокераж (ағ.brokerage). 1. Биржада акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды олардың иесінің немесе болашақ иесінің тапсыруы бойынша сатып алу немесу сату. 2. Клиенттерден брокер (делдал) алатын сыйақы. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы «брокер» сөзімен қатар енген. Кей сөздіктерде «делдалақы» баламасы қоса беріліп жүр (Тоқсанбай 2009: 24). Бюджет (фр. budget – қазынашының сөмкесі). Мемлекеттің, кәсіпорынның, мекеменің белгілі бір кезеңдегі ақшалай кірісі мен шығысының жоспары. Орыс тіліне француз тілі арқылыXIX ғ. енген. Ағ. Budget < фр. Budget. Валюта (нем. Valuta). 1. Белгілі бір елдің ақша өлшемі. 2. Шет мемлекеттердің ақша белгілері. 3. Халықаралық шот бірлігі және төлем құралдары: еуро, доллар, т.б. Орыс тіліне неміс тілі арқылы XIX ғ. 2-жартысында қабылданған. Нем.т. Valuta < ит.т. valuta <лат. valere – тұру (ақшалай бағасы туралы) – стоить. Бізге орыс тілінен өзгеріссіз енген. Ваучер (ағ. voucher –жазбаша кепілхат, қолхат). Тауарларға немесе көрсетілген қызметтерге ақы төленгендігін куәландыратын раста­ ма құжат. Қазақ және орыс тілдеріне 1990 ж. аяғында дәл ағылшын тіліндегі қалпында енген. Ағ.т. voucher – кепілгер, қолхат<vouch (етістік) – жауапкершілігіне алу, кепіл болу.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==