Каржы сауда лексикасы соңғы
326 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Банк (ит.banco – орындық, скамья). Ақша айналымын басқара тын, несие беретін, жеке тұлғалар мен мекемелердің арасындағы ақша айналымын жүзеге асыратын қаржы мекемесі. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Орыс тіліне XVIII ғ. француз тілі арқылы, ал француз тіліне итальян тілінен қабылданған. Қаз. Банк < орыс т. банк < фр. Banque < итал. banco (орындық, скамья). Банкинг (ағ. banking – қаржы-банк шоттарын басқару). Орыс тіліне ағылшын тілінен енген. Ағылшынның n және g дыбыстарының қосындысы ң дыбысын береді. Ал ng[ŋ]дыбысы орыс тілінде болмағандықтан бұл тілге нг болып қабылданған. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы еш өзгеріске түспестен қабылданған. Банкрот (итал.banсarotta – банкрот). 1. Кәсіпорындардың төлем қабілеті болмауы салдарынан мәжбүрлі түрде жойылуы. 2. Қаржы, қаражат дегеннен жұрдай болу, түк қалмау. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Орыс тіліне XX ғ. 1-жартысында неміс тілі арқылы келген. Негізі – итальян сөзі. Нем. Bankrott< фр. banqueroute< итал. banca rotta – шығынға ұшыраған банк, бұл жерде дәл мағынасында banca – орындық, rotto – сынған деген мағынаны білдіреді. Банкнот (нем. Banknote – банк билеті). Айналымда ақша орнына жүретін пайызсыз банк билеті, қағаз ақша. Орыс тіліне неміс тілі арқылы XX ғ. 1-жартысында қабылданған. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы еш өзгеріссіз қабылданған кірме сөз. Нем. Banknote – банкнот (банк билеті), мұндағы bank-банк , note-жазба, хат дегенді білдіреді. Бартер (ағ. barter – тауар айырбасы). Затты, тауарды немесе малды ақшасыз тең құнына баспа-бас алмастыру жүйесі, баспа-бас айырбас. Қазақ тіліне XX ғ. аяғында орыс тілі арқылы ешқандай лингвистикалық өзгеріске түспей кірген термин. I томдық «Қазақ сөздігі» мен Салааралық экономика және қаржысөздігінде «бартер» деп берілсе, С.Тоқсанбайдың Орысша-қазақша-ағылшынша экономикалық сөздігінде «бартер» сөзімен қатар «баспа-бас айырбас» деп қазақша баламасы қоса беріледі (Тоқсанбай 2009: 21). Бизнес (ағ. business – іс, кәсіп). Пайда табуға арналған әрекеттің, экономикалық қызметтің түрі, жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Орыс тіліне «business» [bɪznɪs] сөзі ағылшын тілінен XX ғ. 1-жартысында қабылданған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==