Каржы сауда лексикасы соңғы
325 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ жұрнағы арқылы жасалған. Қазақ тілінде бұл сөздің бірнеше нұсқа сы қоданылып жүрген сөздіктер де жоқ емес: банкроттық/тақырға отыру/жұтау. Мысалы, кредит ұйымдарының банкроттығы/кредит ұйымдарының тақырға отыруы/кредит ұйымдарының жұтауы болып бірнеше нұсқада аударылып жүр (Тоқсанбай 2009: 21). Кей сөздіктерде ағылшын тілінен енген кірме терминдер деп көрсетіліп жүрген қаржы және банк саласының терминдері мұнымен ғана шектелмейді. Сол себепті, төменде тағы да бірқатар қазіргі уақытта қазақ тілінде қолданылып жүрген негізгі қаржы және банк саласының терминдері менсөз тіркестерінің этимологиясы,олардың қазақ тіліне ену жолдары қарастырылады. Сөз тіркестері кесте түрінде беріледі. Аванс (фр. аvance – ілгері). Айлық еңбекақының бір бөлігі немесе сатып алатын тауар үшін алдын ала төленетін қаражат. Орыс тіліне XIX ғасырдың 60-шы жылдарында француз тілінен енген. Фр.т. avancer – ілгері жылжыту <лат. аbantiare. Орыс тіліне француз тілінен қабылданғанда «avance» [аваңс] сөзіндегі ң дыбысы орыс тілінің табиғатына жат болғандықтан н дыбысымен ауыстырылған. Осы орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне еш өзгеріссіз қабылданған. Қазақ тілінің кейбір сөздіктерінде «алғытөлем» баламасы қатар қолданылып жүр. Мысалы, advance payment – авансовый платеж – аванстық төлем/алғытөлемдік төлем (Тоқсанбай 2009: 7). Акция (нем. Aktie немесе голл. aktie – құнды қағаз). Кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне кәсіпорынның пайдасының бір бөлігін алуына құқық беретін құнды қағаз.Қазақ тіліне орыс тілі арқылы қабылданған. Орыс тіліне XVIII ғ. 1-жартысында голланд тілінен енген кірме сөз. Голланд тілінде XVII ғ. бастап қазіргі «құнды қағаз» мағынасында қолданған. Нем.т.<голл.т. aktsie<орыс т. акция<қаз.акция. Аудит (ағ. audit – қаржы құжаттарын тексеру). Кәсіпорын, мекеме т.б. ұйымдардың қаржылық шаруашылық қызметіне аудиторлар жүргізетін тәуелсіз сараптама, тексеру. Бұл сөз қазіргі орыс тіліне «қаржы және басқа да құжаттарды тексеру» мағынасында XX ғ. соңында ағылшын тілінен енген. Ал осы сөзден туған «аудитор» сөзі орыс тіліне XVIIIғ. бас кезінде поляк тілінен енген. Сөздің шығу төркіні латын тіліне негізделеді.Auditus (тыңдаушы) < audire(тыңдау) < audience (аудитория).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==