Каржы сауда лексикасы соңғы
324 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «банк» терминінің итальян тілінен шыққандығын дәлелдейтін ғалымдардың тұжырымдары мейлінше толымды әрі нақты тілдік- тарихи деректерге негізделген. Мысалы, орыс ғалымы В.Д. Аракинді солардың қатарына қосуға болады. Ол «банк» сөзінің шығу тегін зерттеу барысында тарихқа жиі жүгінеді. Еуропадағы капиталистік қатынастарды алғашқы болып бастан кешірген Италияда XIV ғасырдың өзінде сауда-саттыққа қатысты терминдер пайда бола бастады.Сол кезеңде Италияда өсімқорлықпен (өсімқорлардың саудагерлерге белгілі бір пайызға ақшаны қарызға беруі) ақша табу ісі пайда болған болатын. Әдетте өсімқорлар алаңдарда кішігірім үстелдерде немесе орындықтарда («banco» – скамья) отырып, саудагерлерді қабылдайтын. Яғни олардың отырған орындары, кейіннен конторалары, ал одан кейінірек өсімқорлардың пайызбен қарызға ақша беру арқылы табатын қызметі негізінде пайда болған мекеме «banca» (банк) деп аталып кеткен. Ал XVI ғасырда, яғни Англия капитализмге ден қойып, қаржы ісімен, сауда-саттықпен байланысты итальян сөздері ағылшын лексикасын толықтыра бастаған уақытта ағылшын тіліне бұл сөз«bank» болып енді.«Банк» сөзімен қатар, ағылшын тіліне итальянның «банкрот» сөзі қатар енді. Егер жоғарыда аталған өсімқорлар шығынға ұшырап, қарыз алушыларға беретін сомадан айырылса, қарыз алушылар қарсылық ретінде олардың үстелдерін сындырған. Сындырылған үстел banca rotta (бұл жердегі rotta<rompere – сындыру деген мағынаны білдіреді) деп аталып, өсімқордың қарызға белгілі бір пайызбен ақша беру қабілетінен айырылғандығын, қаржылық күйреуін білдіреді. Бұл тіркес ағылшын тіліне «banke rota» түрінде еніп, кейіннен француз тілінің ықпалымен «bankerout» болып өзгеріп, одан кейінірек, ағылшын орфографиясының латындырылуына байланысты, -routжұрнағы латын тілінің өткен шағын білдіретін ruptus үстеуіне ұқсатылып -rupt болып ауысты. Нәтижесінде, ағылшын тіліне бұл кірме сөз bankrupt [bᴂŋkrᴧpt] түрінде енді (Аракин 2003: 252). Ал «bankrupt» сөзінен ағылшын тілінде «bankruptcy» сөзі туындады. «Банкрот» сөзі қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген, ал орыс тіліне француз тілінен I Петр патшаның заманында қабылданып, «шығын ға батқан борышкер» (разорившийся должник) деген мағынаны білдірген. Қазақ тіліне «банкрот» сөзі дәл орыс тіліндегі қалпында енген. Ал «bankruptcy» (банкротство) – банкрот+тық болып -тық
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==