Каржы сауда лексикасы соңғы
323 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бұл жерде тек ағылшын тілінің ғана басқа тілдерге тигізген ықпалы жайлы айту жеткіліксіз сияқты. Өйткені біз ағылшын тілінен енген кірме сөздер деп жүргендеріміздің кейбірі, тіпті көпшілігі ағылшын тіліне өзге тілдерден келген болуы мүмкін. Бұл жайында Г. Атрушина ағылшын тілінің сөздік қорын қалыптастыруда өзге тілдердің үлесі зор дегенді айтады (Атрушина 1999: 44). Ағылшын тілінің экономика саласындағы терминологиясының ерекшелігі бұл тілде ең алғаш экономика ғылымының қалыптасу кезеңінде грек, латын, француз, т.б. тілдерден көптеген кірме сөздерді қабылдауында. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, жалпы ағылшынның сөздік қорының 75-80 пайызы өзге (француз, латын, т.б.) тілдерден енген кірме сөздер (Thomason 2001: 10), (Stockwell, Minkova 2001: 18) және бұл тілдің лексикасын латын, француз, грек, неміс, итальян, испан, жапон секілді әлемнің өзге 84 тілінен қабылдаған түрлі саладағы сөздер құрайды екен (Howard, Etienne 2002: 42). Дегенмен, бұл жерде біз ағылшындардың кірме сөздерді өз тіліне қабылдау барысында жан-жақты игеріп, ұлттық тілінің фономорфологиялық заңдылығына сҽйкестендіріп, бейімдеп алып отырғанын айтуымыз керек. Осы тұрғыда В. Секирин ағылшын тіліндегі француз тілінің кірме сөздерін зерттеу барысында былай дейді: «Хотя влияние французских заимствований на английскую лексику несомненно велико, оно не вызвало преобразования всего английского языка, т.к. последний изменялся постепенно, сохраняя характерные особенности грамматики, лексики и звукового строя в течение длительного периода» (Секирин 1964: 43). Кейбір ағылшын тіліндегі қаржы, банк терминдерінің шығу тарихы тіпті күрделі. Бұл жерде мысал ретінде осы саладағы негізгі термин «банк» сөзінің шығу тарихына талдау жасаған жөн секілді. «Bank» (банк) сөзі ағылшын тіліне итальян тілінен енген, ит. т. banco – орындық (скамья) деген мағынаны береді: «Бұл сөз қарыз алушы мен қарыз берушінің арасындағы шара ретінде, нақты бір мұқтаждықты шешу амалы туралы ұғымды білдіріп, кейіннен жалпыхалықтық сөзден терминге айналған» (Нұрдыбаева 2008: 173). Сондай-ақ «банк»термині неміс тілінен шыққан деп санайтын ғалымдар да кездеседі (Арапова, Миронова 1994: 12). Алайда
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==