Каржы сауда лексикасы соңғы

322 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қазақ тілінің лексикасындағы ағылшын кірме терминдерінің зерттелуі тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймағандығын айтады (Туребаева 2013: 3). Біз төменде қарастырылып отырған қазақ тіліне ағылшын тілінен енген қаржы, банк саласындағы кірме терминдерге, олардың тілімізге ену ерекшеліктеріне тоқталамыз. Ағылшын тілі арқылы енген қаржы, банк саласындағы терминдердің мағы­ наларын жан-жақты ашу барысында Қазақша-орысша, орысша- қазақша терминологиялық сөздік (Экономика және қаржы), С.Тоқсанбайдың «Орысша-қазақша-ағылшынша» экономикалық сөздігі, Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі, Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі, М. Фасмердің «Этимологический словарь русского языка», Н. Арапованың «Малый толково-этимологический словарь иностранных слов», П. Черныхтің «Историко-этимологический словарь современного русского языка», Н. Шанский мен Т. Боброваның «Этимологический словарь русского языка», т.б. еңбектер дереккөздер ретінде негізге алынды. «Сөздік құрамында басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-біріне сөз ауыстырады» (Аханов 1993: 152). Басты мәселе өзге тілдерден сөздерді қабылдаған кезде қабылдаушы тілдің нормасына сәйкес, табиғатына қайшы келмейтіндей етіп қабылдау немесе тілдің өзінде бар сөздерден дұрыс баламасын табу. Қазақ тілінің сөздік қорындағы ағылшын терминдерін, олардың біздің тілге ену жолдарын талдау – ең алдымен ағылшын сөздерінің этимологиясына тоқталуды қажет етеді. Өйткені кейбір еңбектерде ағылшынның сөздері деп беріліп жүрген терминдердің этимологиясына тереңірек үңілсек, олардың бірқатары басқа тілдердің атаулары болып шығады. Оған төменде бірқатар мысал келтіреміз. Экономика тілін зерттеушілердің көпшілігі өзге тілдердің қар­ жы терминологиясын қалыптастыруда ағылшын тілінің ықпалы зор екенін айтады. Мәселен, ағылшын тілінің, латыш тілінің экономика терминдерін, француздың бизнес лексикасын, неміс экономика тілін, орыс лексикалық қорын толықтырудағы орны жайлы зерттеулер баршылық.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==