Каржы сауда лексикасы соңғы

321 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЕНГЕН ҚАРЖЫ-БАНК ТЕРМИНДЕРІ Тарауда қаржы-банк саласының ағылшын тіліндегі терминде­ рін қазақ тіліне енгізу мәселесі талқыланады. Ағылшын сөздерінің этимологиясын анықтау арқылы қазақ тілінің терминологиялық қорына кіретін қаржылық және банктік терминдерді енгізу тәсілдеріне талдау жасалады. Терминдердің қазақ тіліне ену барысында орыс тілінің делдал тіл ретіндегі қызметі алынған тер­ миндердің фонетикалық құрылымын талдау негізінде зерттеледі. Тәуелсіздік алған кезеңнен бері еліміздің нарықтық экономикаға көшуі, шет мемлекеттермен халықаралық байланыс орнатуы, жаңа қаржы-кредит жүйесінің пайда болуы қаржы саласы терминологиясына өз әсерін тигізіп, тілімізге көптеген жаңа терминдердің енуіне жол ашты. Қазақ тілінің қазіргі қаржы, банк саласының терминологиясы қарқынды даму кезеңін өткеріп отыр. Қазақ тіліндегі қаржы терминологиясының бүгінгі таңдағы жаңаруына ағылшын тілінің ерекше ықпал етіп отырғандығы байқалады. Жалпы ағылшын тілі қазіргі күні әлемдегі саяси- экономикалық жағдайдың даму үрдісіне қарай қоғам өмірінің барлық саласында дерлік кеңінен қолданылып отырған тіл екені барлығымызға мәлім. Мәселен, ағылшын тілінің орыс тілінің лексикалық қорына, оның ішінде экономика терминдеріне ықпалы туралы K. Palmgren былай дейді: «Самое сильное влияние на русскую экономическую лексику оказывет английский язык» (Palmgren 2007: 10). Бұл процесс қазақ тілінде де орын алуда. Ағылшын тілінен енген сөздер санының күннен күнге артуы, олардың қазақ тілінде берік орнығуы қоғам мен ғылымдағы қарқынды өзгерістермен түсіндіріледі. Дей тұрғанмен, ағылшынның қаржы терминдерін қазақ тіліне қабылдау мәселесінің шешілмеген, жан-жақты, егжей- тегжейлі зерттеуді қажет ететін қырлары жетерлік. Осы тұрғыда А. Туребаева «Гуманитарлық ғылымдар саласын­ дағы англицизмдердің лингвомәдени аспектілері» тақырыбындағы зерттеу жұмысында қазіргі таңда лингвистердің қазақ және ағылшын тілдік қатынастарына аса назар аударып отырғандығын, дегенмен

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==