Каржы сауда лексикасы соңғы
333 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Фьючерс (ағ. futures – болашақ ) 1. биржада жасалынатын са тып алу-сату жөніндегі мерзімдік мәміле; 2. Тауарды бірсыпыра мөлшерде қолданыстағы бағамен келешектегі белгіленген күнге дейін жеткізу жөніндегі мерзімдік шарт. Ағылшын тілінен орыс тіліне, орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген. Хайринг (ағ. hire – жалға беру). Негізгі құрал-жабдықты жал даудың орта мерзімдік шарты, экспорттық тауарға меншік құқығын жалгерге табыстамай несиелендіру нысандарының бірі. Орыс тіліне ағылшын тілінен енген кірме термин. Орыс тіліне қабылданғанда «hiring» сөзіндегі ng [ŋ] дыбысы нг болып өзгертілген. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Холдинг (ағ. holding – иелік етуші (орыс т. владеющий). Тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға. Орыс тіліне XX ғасырдың 2-жартысында қабылданған және ағылшынның «holding» сөзіндегі ng [ŋ] дыбысыорыс тілінде нг болып өзгертілген.Қазақ тіліне орыс тілі арқылы дәл орыс тіліндегідей еш өзгеріссіз енген. Хеджер (ағ. hedge – қоршау). Фьючерстік биржада хеджерлеу операциясын жүзеге асыратын кез келген кәсіпорын (банк, кәсіпкер, фермер). Ағылшын тілі арқылы орыс тіліне, ал орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген. Хеджерлеу (ағ. hedging – қоршау, кедергі жасау, бөгет болу). Сатушы мен сатып алушыны болашақта баға мен валюталар бағамының ықтимал өзгеруі қатерінен сақтандыру мақсатымен жасасылған хедж-мәміле жасасу. Орыс тілінде – хеджеринг (-инг жұрнағы арқылы жасалған). Қазақ тілінде «хеджер» сөзіне -леу жұрнағын жалғау арқылы жасалған. Чек (ағ.cheque, check – тексеру, бақылау). 1. Қатаң түрде бегіленген нысандағы бағалы қағаз; 2. Чек берушінің чекті ұсынушыға чекте көрсетілген соманы төлеу туралы банкке бұйрығы бар белгіленген нысандағы ақша құжаты; Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Орыс тіліне дәл ағылшын тіліндегі дыбысталуы бойынша қабылданған. Экспорт (ағ.export < лат. exportare – шығару, әкету). Шетелге шығарылған өндіріс өнімдері мен тауарлар, технологиялар, капитал. Елден шығарылған тауарлардың жалпы саны мен жалпы сомасы. Орыс тіліне ағылшын тілінен XIX ғ. 1-жартысында енген. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы еш өзгеріссіз қабылданған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==