Каржы сауда лексикасы соңғы
316 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тілінде yargıç түрінде алынды. Сондай-ақ моңғол тілінде cargulda (=соттасу) және cargula (=соттау, үкім шығару) сөздері түрік тілінде жаңаша бейімделіп, тіпті yargıla - етістік формасында алынды (https:// aksozluk.org/yargi). Жарлық «мемлекеттік билік иесінің, хан, патша немесе әмір шінің жазбаша нұсқауы, ресми бұйрығы». Ежелгі және ортағасырлық түркі-монғол мемлекеттерінде жарлық – билеушінің құқықтық актісі, яғни құқық күші бар ресми құжат болған. Мысалы, Алтын Орда, Қыпшақ, Шағатай және Қазақ хандығы дәуірлерінде хан жарлығы — заңдық күші бар шешім саналған. Орыс тіліне ярлыкъ түрінде енген, бастапқыда «ханның рұқсат хаты, өкілеттік қағазы» мағынасын білдірген (мысалы, Алтын Орда хандарының орыс князьдеріне берген ярлыктары). Қазіргі қазақ тілінде жарлық сөзі заңи термин ретінде Президент жарлығы, үкімет жарлығы сияқты қолданылады және «бұйрық», «қаулы» мағыналарында белсенді, мысалы: жарлық беру, жарлық ету, т.б. Сөздің түбірі жарылқау етістігімен байланысты (Öner 2004: 120). Бұл yarlığ сөзі Орхон жазбаларында кездеспесе де, көне түркі (руникалық) жазумен жазылған бір құжатта Миран жазбасында мынадай түрде жазылған: Törtiŋ ay tokuz otuzka Unagan Çor yarlıq Urunü Tudun Çiçsige yarlıq boltı . «Төртінші айдың тоғыз отызында (яғни белгілі бір күнде) Унаған Чор Тудун Үрүнге, Чичсиге жарлық берді». Көне ұйғыр жазбаларында да yarlığ сөзі кездеседі. «Сегіз Йүкмек» атты шығармадан yarlık- етістігі «дін мәселесін талқылау, пәтуа шығару, жарлық ету» мағынасында кездеседі. Орта ғасырда көне ұйғыр әрпімен жазылған Оғыз қаған дастанында да бұл сөз çarlığ дыбыстық өзгеріспен жиі қолданылады: Оguz kagan beglerke el künlerke çarlığ berdi «Оғыз қаған бектер мен елшілерге жарлық берді». Оguz kagan tört sarıqa çarlığ çumşadı, bilütirgülüg bitidi, ilçilergе birip yiberdi «Оғыз қаған төрт жаққа әмірлер жолдады, жарлық жазды және елшілер арқылы жіберді». Қарахан дәуіріндегі мәтіндерде yarlığ «әмір, бұйрық; діни жарлықтар жинағы» мағынасында тіркелген (ДТС 248).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==