Каржы сауда лексикасы соңғы

315 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сонда қазақ тілінде «құқық» мағынасында хах, қақ, құқ, ақы деген варианттары бұрыннан айтылып келеді. Ал құқық деген ресми сөз тілдік қолданысқа кейінірек кірген. Заң сөзі де солай, ол да бұрынғы сөз емес. Ал «заң» деген мағынада бұрынғы кезде жарғы, жарлық, төре деген көне сөздер болған. Жарғы «дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы». Ежелгі түркі тіліндегі йар («жар») сөзінен шыққан. Мағынасы «әмір, әмір беру, билік айту». Ал Кодекс Куманикуста бұл сөз jar түрінде жазылған, мәні «шешім, берілген әмір». Қазақ хандығын билеген Тәуке хан заманында ұлы билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысуымен ел ішіндегі құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар жинағы «Жеті жарғы» құрастырылды. Жарғы, негізінен, хан тарапынан бекітілген шешім болғандықтан, ол бүкіл хандық аумағында орындалуға тиіс болды. Жарғы термині қазіргі кезде «устав» сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр. Сонымен, Ортағасыр түркі тіліндегі yarğu сөзі «дау, жанжал, талас; сот» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз көне түркі тіліндегі дәл осы мағынадағы yar- («дауласу, үкім шығару») етістігінен +gU жұрнағы арқылы жасалған. Моңғол тіліндегі yarġu / carġu (сол мағынада «сот, үкім») сөзі түркі тілінен кірме болуы керек. Тарихы (түркі тілдерінде ең ерте анықталған қолданыстар және басқа мысалдар): Қыпшақ тілі: [Codex Cumanicus, 1303] Jargu jararmen «мен үкім шығарамын, соттаймын»; Шағатай тілі: Yarġu «айыптаушының шабуылы; дауласу, тартыс; шағым». Түріктіліндегі yargı сөзі түркі тілдеріменескерткіштеріндегі йарғу (жарғы) «шешім, үкім, іс, сот» сөзінен қайта бейімделіп алынған деп есептеледі. Бұдан Yargıtay деген жаңа термин шығарды. Ол моңғол тіліндегі cargutay сөзінің түрік тіліне бейімделген нұсқасы. Yargıtay cоттардың шығарған шешімдерін қарап, жоғары шешім шығаратын орган, жоғарғы сот органы, яғни апелляциялық (жоғарғы) сот. Сол секілді моңғол тіліндегі carguçi «сот, заңгер, адвокат» сөзі түрік

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==