Каржы сауда лексикасы соңғы
314 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ СӨЗДЕРІ ҚАЙДАН КЕЛГЕН? Заң саласында негізгі екі сөз бар, ол заң және құқық . Конституцияда ең жиі кездесетін осы екі сөз қайдан шыққан екен? Соны анықтап көрсек. Заң сөзі бәріңізге жақсы таныс, ол орыс тіліндегі закон сөзінің қазақша баламасы. Бірақ көп адам заң сөзінің тарихын білмейді. Ендеше осы сөздің шығу тегін түсіндіріп көреміз. Академик ғалым Әбдуәли Қайдардың айтуынша, «заң» сөзі қытай тілі арқылы келді. Қытайшада ян иероглифі «ереже, үлгі, форма» деген мағыналарда. Қазақ тіліндегі заң сол ян сөзінің қазақы формада өзгерген түрі болуы керек. Бізше бұл жорамал дұрыс. Өйткені «я» дыбысымен басталатын сөздер қазақ тілінде «з»мен де айтыла береді, мысалы якорь сөзі қазақшада зәкір . Сол сияқты қытайша ян сөзі заң болып өзгеріп кіруі мүмкін. Қытай бізге көрші болғаннан кейін біз олардан сөздер алдық, мысалы қытайшадағы луу «айдаһар» сөзі қазақ тілінде ұлу болып айтылады, тіпті дракон жылы қазақ танымында ұлу жылы деп ұғынылады. Түбі қытайша заң сөзі басқа түркі тілдерінде айтылмайды екен, бұл термин тек қазақ тілінде бар. Туыстас тілдерде ираншадан кірген қанун (канон), араб тілінен қайдә және орысшадан закон деген атаулар қолданылады. Ал құқық сөзіне келер болсақ, ол да қазақтікі емес. Құқық право сөзінің ресми қазақшасы. Ол арабша хуқуқ حقوق деген сөзден алынған. Хуқуқ араб тілінде сөзбе-сөз «хақтар» дегенді білдереді, яғни хақ деген сөздің көпше түрі. Ал хақ деген сөз араб және қазақ тілінде «право» деген мағынада айтылады. Бізде хақ деген сөз қақ және құқ , тіпті ақы деп те айтыла береді. Мысалы, «Какое право имеете» дегенді Қандай құқыңыз/хақыныз/ қақыңыз/ақыңыз бар ? деп айтасыз. «Я не имею права» дегенді менің құқым/хақым жоқ деп айтамыз. Айтуға қақылысыз/құқылысыз деген тіркес «Вы имеете право говорить» дегенді білдіреді. Жалпы қазақ тілінде вариант сөздер өте көп кездеседі, сол үшін араб тілінің хақ сөзі түрлі варианттарда айтыла береді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==