Каржы сауда лексикасы соңғы

311 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Әз Жәнібектің ұлы Қасым хан 1503 жылы билікті толық қолына алғаннан кейін айналадағы жағдайды және барлық бүлікшілер мен наразылардың Қазақстанға ағылып келуін жақсы ескере отырып, дезидераттан жер аумағын кеңейту ойымен өз мемлекетін қалыптастыру және өзінің сол кезде-ақ егеменді жас мемлекетінің саяси күш, қуатын арттыру үшін алғашқы бүкілхалықтық съезді шақырады» (Қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыптағы баяндама, Семей мемлекеттік қоғамы, 1927 жыл, 23 қаңтар). Кітаптың қосымшалар бөлімінде Ж. Ақбаевтың баяндамалары ішінде де егемендік және егеменді деген терминдері ұшырасады: «Он бесінші ғасырдың орта шенінде Жошы ұрпақтары мен уақытша келген Едігенің Сарай тағын алу жолындағы күресі туғызған өзара кан төгіскен шайқастар мен қырқыстар және сарай төңкерістері болуы салдарынан қыпшақтардың Алтын ордасы бұрынғы ұлылығынан айрылып, Сарай ордасының орталық өкіметінің егемендігі тарыла түскен.... Әбілхайырдың кісі өлтірушіні арғындарға беруден бас тартуы 1456 жылы Керей мен Жәнібектің өз жақтастарымен және «қазақ» әскерлерімен Өзбекстаннан Моғолстанның шекарасына келіп, Балқаш көліне жақын жердегі Хантауда Шағатай ұрпақтарының Моғолстан егеменді мемлекетінің қамқорлығымен үлестік автономиялы мемлекет құруына себеп болды» (Қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыптағы баяндама, Семей мемлекеттік қоғамы, 1927 жыл, 23 қаңтар). Егер бұл жазылғандар шынымен де Ж. Ақбаевтікі болса, кітапты шығарушы автордың сөзін орыс тілінен алып, аударған немесе өз сөзімен жазып түзетпесе онда егемен терминінің ХХ ғасыр басында- ақ қолданылғанына дәлел бола алады да егеменнің өткен ғасырдың басында Ататүріктің көмекшілері тарапынан бізден алынды деуге негіз болады. Бостандық сөзінің «еркін, азат» мағынасындағы бос түбірінен келіп тұрғаны анық байқалады. Еркіндік атауы еркін сөзінен келгені түсінікті, бірақ ол «күш, қуат, жігер» мағынасындағы ерк (ерік) деген сөзден шыққан (мысалы Ерік есімін ерігіп жүрсін деп емес, батыр болсын деп қояды), ал еріктің өзі «жетілу, кемелдену» мағынасындағы ер - етістігінен келіп тұр. Қазақ жазушылары шығармаларынан «қыз балалардың бой жетуіне» ер жетті деп қолданғанын көріп қаламыз, ол бекер емес, өйткені еру және жету

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==