Каржы сауда лексикасы соңғы

310 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Түрік тіліндегі егемен көне грекше ʰēgemōn ἡγεμών «лидер, көшбасшы, басшы» сөзінен алынған.... Французша hégémon сөзінен ұқсатып алынған сөз, түркі тіліндегі еге түбірінен жасалғаны халық этимологиясына жатады». Түркия еліне барған жазушылар делегациясының егемен сөзін естіп, оны еге диалектісімен байланыстыруы заңды. Түбі түрлі тілдер тобына жататын сөздер айтылған кезде ұқсай беретінін еске алсақ, түріктер гегемонды өз тілдеріне бейімдеп (ұқсатып) egemen «билік» деп жаңа сөз жасады. Біз де оны қазақ говорларындағы еге сөзімен бірдей көріп, тілге енгізуді ұсынғанда ол термин өз сөзіміз секілді тез сіңісіп кетті. Егер еге сөзі тілімізде бар десек те, «-мен» жұрнағының өзі дара күйінде түркі тілдерінде және қазақ тілінде кездеспейді. Дәлірек айтсақ етістіктен есім тудыратын -арман/-ермен (кетермен, шабарман, көрермен) күрделі қосымшасы бар. Ол етістіктен есім тудыруға қатысады. Ал есімнен есім тудырушы «-мен/-ман»нің өзі түркі тілдеріне тән жұрнақ емес. Ол жұрнақ түрік тілінде тілдік реформалар жасалғанда жаңа қысқарған формада қайта қолданысқа кірген қосымша саналады. Осыны да қаперге алғанда да егемен сөзінің морфологиялық жасалуы да қазақ тілінің грамматикасына сәйкеспей қалады. Ал «еге мен», мен бұл жерге егемін, иемін» дегені халықтық этимологияға тән, өйткені тілдік заңдылыққа сай терминдер сөз тіркестерінен жасалына бермейді. Дегенмен тілде шетелдік сөзге ұқсастырып төл сөз жасау құбылысы бар екенін ескерсек, оның әсіресе түрік тілінде жиірек болатынын қаперге алсақ, түрік ағайындар шетелдік гегемон сөзіне ұқсастырып Ортаазияда қолданылатын еге сөзімен жаңа егемен терминін жасаған болса керек. Оны біз түріктен алдық, ал бізден қырғыз тіліне эгемендүү болып өтті. М.Құл-Мұхаммед «Алаш ардагері, Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары» деп аталатын кітабында алаш қайраткері Жақып Ақбаевтың сөзі деп келтірген (автор кітабында қайраткердің айтқандарын тырнақша ішінде береді) төмендегі сөйлемде егеменді сөзі тіркелгені де ойландырады: «Шағатай ұрпақтарының егеменді Моғолстан мемлекетінің (Ұлысының) қамқорлығымен 1465 жылыБалқашкөлінің маңындағы Хантауда үлестік автономиялы мемлекет құрды».

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==