Каржы сауда лексикасы соңғы

309 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Bayramı (23.04) деп аталатын мемлекеттік мереке бар, сол мейрамда ұлттық егемендік немесе тәуелсіздік деген сема жоқ, өйткені ол ел біреуге тәуелді болған емес, сондықтан ұлттың өз өзіне билік етуі, демократия деп ұғу керек. Егемен сөзін «тәуелсіздік» деп түсініп, оны түрік тілінен өз тілімізге енгіздік, сәтті атау болғанында дау жоқ, бірақ оның түпкі семасы «азаттық, бостандық» емес. Қазақ тіліндегі еге + мен «мен бұл елге иемін» деп түсінгендіктен сөз жағымды сипат алып, қолданысқа тез сіңіп кетті де біздің тілімізде жаңа мағынаға, яғни тәуелсіздік деген терминге жақын семаға ие болды. Тіпті бізден қырғыз тіліне де сол жаңа мағынасында өтті. Анадолы түрік тілінде сөз ортасындағы «г» дауыссызы еріп, «жұмсақ г» дыбысына айналу керек еді: eğemen (оқылғанда г айтылмай «eemen» болып ұзын дауысты болып айтылады). Содан кейін жоғарыда айтқандай, еге, ие деген сөздер де түрік тілінде жоқ екенін қаперге алсақ, егеменді алаш қайраткерлерінен немесе қазақ тілінен алған деген ойға келеміз. Бірақ егеменнің Кеңес тұсындағы жазылған түсіндірме сөз­ діктерінде тіркелмегені оның бізден түрікке өткеніне күмән туғызады. Ғалым Ә.Қайдар егеменнің «егемен болмай, ел болмас» деген жолда кездеседі деп тіркегенмен және зерттеушілер оны жырауларда бұрыннан бар деп айтқанмен М. Құлмұхаммед антологиядағы Асан Қайғы, Қазтуған бабалардан бастап, Шал ақынға дейінгі жыраулардың шығармаларын түгел сүзіп шығып, мұндай жолды да, тіркесті де таба алмағанын ескертеді. Ататүрк айтқан және Түркия Конституциясында Egemenlik kayıtsız şartsız milletindir «Билік ешқандай жазусыз, шартсыз елдікі» деп жазылғанына қарағанда (бұдан жүз жыл бұрын) оның шынымен де түрік тілінен алғанымызға дәлел болады (бірақ түрікшедегідей мағынада емес). Оның үстіне М. Құлмұхаммед егемен терминін Шерхан Мұртаза 1991 жылы ұсынғанын жазады: «Жазушы тоқсаныншы жылдың басында Түркияға барған сапарында түрік бауырлардың «самолетті» ұшақ , ал «суверенитетті» егемен деп жазатын үлгісімен осы екі терминді қолданысқа енгізіп жібереді». Ал ең қызығы түрік тілі этимологиялық сөздіктеріне жүгінсек, егеменнің түбі түркі сөз еместігі ескеріледі:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==