Каржы сауда лексикасы соңғы

308 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ жергілікті ерекшелік ретінде қолданылып келген қазақтын төл сөзі. Олай болмаса, 20-30 жылдары: «Егемен болмай ел болмас, етек- жеңі кең болмас, терезесі тең болмас...» деп ақындар өлеңге қоспаған болар еді. Бірақ бұл сөздер әдеби тіл нормасына тән ие түбірінен емес (мәс. иегер, иелену т. б.), өлкелік ерекшелікке тән еге түбірінен (киіз – кигіз, біз – бігіз, ер – егер тәрізді) туындап тұрғандықтан құлаққа тосын естілуі мүмкін. Қарастырып көрсек, бұл сөздер көптеген түркі тілдерінде қолданылады. Мәселен, Түркияда егемен үлке (егемен ел), егеменлі жұмхурият (егеменді республика), Улусал Егеменлік (ұлттық егемендік) түрінде кеңінен пайдаланылып жүрген сөздер. Түрікше-орысша сөздіктерде: егемен 1) суверенный, державный, господствующий, правящий; 2) диктатор, суверен; егеменлік 1) господство, гегемония; 2) суверинитет» (Қайдар І 2014: 335). Ел тәуелсіздігін жариялап жатқан алғашқы жылдары қазақ тілі «суверенитет», «суверенный» мағынасында егемен, егеменді, егемендік деген сөздерді термин етіп қабылдады. 1990 жылғы 25 қазандақабылданған«ҚазақКеңестікСоциалистікРеспубликасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда» бұл сөз ресми термин ретінде алғаш қолданылды. Осы күнге дейін «бұл сөз қайдан шыққан, қазақта мұндай сөз жоқ!?» деп айтылып келеді. Егемен әдеби тіл нормасына тән «ие» түбірінен емес, говорларда сақталған көне форма еге түбірінен туындап тұр. Ие сөзі Көне түркіде иди/иге/ийе , Қарахан мен Хорезм дәуірінде изи («д» дыбысына жақын «з»), Тарихи қыпшақшада ейе , Шағатайда еге , Анадолыда ыс деген түрлі варианттарында қолданылған. Сібір түркі тілдері мен қырғызшада ұзын дауысты дыбысқа айналған, мысалы қырғыз, алтай, хакас, тува тілдерінде ее . Қарлұқ тілдерінде «г» дыбысымен айтылады: ұйғыр т. еге/иге, өзбек т. егә . Қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-малқар, құмық секілді қыпшақ тобы тілдерінде ие/ийе деп өзгерген. Түркияда ие сөзі белсенді сөздер қатарына кірмеcе де, тіпті еге деген нұсқасы болмаса да egemen «билік, өз билігі өзіне, билеушілік, үстемдік» деген сөзін жаңа термин ретінде қолданады: Ulusal Egemenlik (ұлттық егемендік деп көрінгенмен «ұлттық билік, ұлттың үстемдігі» дегенді білдіреді), тіпті Ulusal Egemenlik ve Çocuk

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==